ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
708 388
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Лингвистика
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
- Халықаралық экономикалық қатынастар
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру
Функционалды міндеттер
Азиялық диалог форумдары немесе Ислам ынтымақтастығы ұйымы басқармаларының қызметіне басшылық жасау, басшы мен қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттерді үйлестіру; елдің ресми ұстанымын айқындау барысында, жалпыазиялық (АӨСШК, АЫД, Азия-Еуропа Форумы, Азиялық Парламенттік Ассамблеясы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Ислам даму банкі, АҚИҰ, ТМЫК, ТҮРКСОЙ, ТүркПА, Түркі академиясы), кіші өңірлік азиялық диалог форумдары және алаңдарымен (ОАЖД, КРОАФ, ИОАД, АСЕАН-ның қауіпсіздік бойынша өңірлік форумы) проблемалық және перспективалық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; азиялық құрылымдар шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне басшылық ету; жалпыазиялық ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық құжаттар даярлау; құрылымдардың желісі бойынша халықаралық келісім шарттардың даярлануы мен іске асырылуын бақылау; құрылымдардың желісі бойынша Қазақстан мен шет елде ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларды әзірлеу мен өткізу және олардың жұмысына қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 24.06.2024
- Астана қ., Қонаев к. 31 ғимарат
-
72-08-08