ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
708 388
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Лингвистика
- Халықаралық экономикалық қатынастар
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Департамент құзыретіндегі консулдық іс-шараларға қатысты саяси талдау жасау және шет елдерде бекітілген саясатқа байланысты жұмыстар жүргізу; ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Сыртқы істер министрлігі басшылығының тапсырмаларына сәйкес өз құзыреті шеңберінде ҚР сыртқы саясатын іске асыру; Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша ҚР аумағындағы шетелдік елшіліктер және консулдық өкілдіктермен министрлік атынан байланысу; жетекшілік ететін елдердегі ҚР елшіліктері мен ҚР-дағы шетелдік дипломаттық өкілдіктермен байланысу; ТМД, Еуропа және Америка, Таяу Шығыс, Азия және Африка елдері, сонымен қатар Паспорттық-визалық, Консулдық-құқықтық мәселелер, Шетелдегі қазақ диаспорасымен жұмыс жүргізу, Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге сараптама, мониторинг және инспекция жүргізу басқармаларының жұмыстарына жетекшілік ету, құжаттарды мұрағатқа тапсыруды бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 10.06.2024
- Астана қ., Қонаев к., 31 ғимарат.
-
72-08-08