ҚР СІМ Инвестия комитеті төрағасының орынбасары

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

824 323

Жалпы біліктілік талаптары

С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес**.

 

Ескертпе: ** – конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған жалпы конкурс қатысушылары жоқ болған жағдайда бұл талап қойылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Халықаралық қатынастар
  • Шығыстану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Халықаралық экономикалық қатынастар
  • Экономика және менеджмент

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Комитеттің құзыретіне жататын бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын және басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу; Комитеттің құзыреті шеңберінде стратегиялық құжаттарды жүзеге асыруды үйлестіру;  Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы және оны жүзеге асырудың Ұлттық жоспары шеңберінде Комитеттің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету; Министрліктің басшылығына материалдарды (соның ішінде Мемлекет басшысының қатысуымен кеңейтілген кеңестер), Үкіметтің селекторлық отырыстары дайындау және   құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өңірлерге Министрлігі басшылығының іссапарларын ұйымдастыру; хаттамалық тапсырмалардың сапалы және уақытылы орындалуын бақылау; инвестиция аясындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарын әзірлеуге қатысу; Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының ағымдағы отырыстарын дайындау, Заңдарды, Президентің Жарлықтарын, ҚРҮ қаулыларын, өкімдердің жобаларын дауындауына қатысу; Инвестициялық іс-шаралар, семинарлар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiнің жалпы және аралық отырыстарын ұйымдастыру және дайындау; Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жоспарлауды үйлестіру, бизнес-форумдарды конференциялар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және дайындау; Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына инвестицияларды тарту мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен компаниялармен кездесулер мен келіссөздер жүргізуді ұйымдастыру және өткізу; ел басшылығы қатысуымен өткізілген инвестициялық іс-шаралардың нәтижелері бойынша келісімдерін мониторингтеу;  Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетел инвестицияларды тарту ұсыныстарын құру; Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетел инвестицияларды тарту мәселелері бойынша шетел инвесторлар, халықаралық және қазақстандық іскерлік қауымдастықтар және регионалдық  мемлекеттік басқару органдарымен өзара әрекеттесу, инвестициялық қызметпен байланысты мәселелері бойынша  мемлекеттік органдарымен, шетелдік өкілдіктері және ұлттық компаниялармен өзара әрекеттесу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.02.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.02.2024 – 14.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

16.02.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Қонаев көшесі 31 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

72-08-08