Азия-Тынық мұхит өңірі департаменті Шығыс Азия және Тынық мұхит өңірі басқармасының кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Лингвистика
- Халықаралық экономикалық қатынастар
- Мемлекеттік басқару
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Қазақстанның Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері; өңірдегі елдермен екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; өз бағыты бойынша Елбасы, Үкімет, СІМ және ҚР министрліктері мен мекемелері басшыларының қатысуымен сыртқы саяси іс-шаралар өткізу; Шығыс Азия және Оңтүстік Шығыс елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ішкі және сыртқы саясатына талдау жасау; жетекшілік ететін елдермен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері; СІМ басшылығының сұхбат тезистеріне ұсыныс беру және сұхбат жазбасын жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 19.02.2024
- Астана қ., Қонаев к., 31 ғимарат
-
72-08-08