Цифровизация департаменті Мемлекеттік қызметтерді бақылау және автоматтандыру басқармасының бірінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Негізгі мемлекеттік саясат бағытында ақпараттандыру саласын жүзеге асыру, ақпараттық-сараптамалық анықтамаларды әзірлеу, шет елдердегі мекемелердің жылдық есептерін сараптау және олардың ұсыныстарына талдау жасау, Министрліктің мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру бөлігінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу; Министрліктің мемлекеттік қызметтерін автоматтандыруды жобалау; жаңа технологияларды қолдану жолымен Министрліктің мемлекеттік қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу; Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуі сапасын талдау, мониторинг жүргізу және бақылау және т.б.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 11.12.2023
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.
-
8 7172 72-08-08