Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Құқық және экономика негіздері
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
- Халықаралық экономикалық қатынастар
- Қаржы және кредит
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы мен болу мемлекеті арасындағы стратегиялық қатынастар саясаты мәселелері бойынша сапалы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді жүзеге асыру; болу еліндегі ішкі саясаты ахуалды, сондай-ақ аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талдау және қадағалау; Шетелдік мекеменің іс жүзіндегі қызметінің мәселелері бойынша болмыш мемлекеттің сыртқы істер ведомствосы басшылығымен, дипломатиялық корпуспен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен өзара байланыс жұмыстарын жүзеге асыру; Елшінің тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 01.11.2023
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.
-
8 7172 72-08-08