ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі Басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
708388
Жалпы біліктілік талаптары
С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
- Халықаралық экономикалық қатынастар
- Қаржы және кредит
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
МПҚ қызметін үйлестіру, Мемлекет басшылығының қатысуымен Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде өтетін халықаралық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелерін үйлестіру, халықаралық іс-шараларды қамтамасыз ету басқармасының қызметін үйлестіру, Президент Әкімшілігі мен басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу, МПҚ басшысының Функционалдық міндеттерін орындау (ол болмаған жағдайда).
Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасында және шет мемлекеттерде өтетін халықаралық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелерін үйлестіру, Арнайы рұқсат беру басқармасының қызметін үйлестіру (СІМ құзыретіне кіретін: күзетпен қамтамасыз етілетін тұлғалардың қауіпсіздік қызметкерлерінің табельдік қару-жарақты алып келуіне және алып жүруіне рұқсаттар; әуе кеңістігі мен әуежайларын пайдалану үшін арнайы рұқсаттар); Премьер-Министрдің Кеңсесі мен басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу, қызметкерлерге жүктелген тапсырмалардың орындалуын бақылау
Қазақстан Республикасында тіркелген Дипломатиялық корпуспен жұмыс жүргізу басқармасының қызметін үйлестіру; Қазақстан Республикасында тіркелген Дипломатиялық корпусқа артықшылықтар мен иммунитеттер беру, автокөліктерге дипломатиялық нөмірлер беру және ҚР әуежайларының арнайы аймақтарына рұқсаттар беру мәселелері; Шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің Мемлекет басшылығына Сенім грамоталарын тапсыру рәсімін дайындау және өткізу мәселелерін үйлестіру; Шет елдердің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдар өкілдіктері басшыларының дипломатиялық миссияларының аяқталуына байланысты Мемлекет басшылығымен кездесулерін ұйымдастыру; талдау жұмысы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.aliyev@mfa.gov.kz
- 20.09.2023
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.
-
8 7172 72-08-08