ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті Көпжақты экономикалық ынтымақтастық және дамуға ресми көмек басқармасының екінші хатшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

317807

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Лингвистика
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
  • Халықаралық экономикалық қатынастар

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Іссапарларды, лауазымдық құжаттарды, баяндамаларды, тезистерді, ведомстваның құзыретіне кіретін сілтемелерді дайындау және енгізу.

Әртүрлі деңгейдегі кездесулерге арналған материалдар, шет елдердің аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктеріне және шетелдегі Қазақстан мекемелеріне ноталар мен хаттарды жіберу. Ақпаратты, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығының дипломатиялық корпуспен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу. АДБ ОАӨЭЫ бағдарламасы және ОАӨЭЫ институты арқылы жұмыс істеу, ДЭФ-пен ынтымақтастық және форум нәтижелері бойынша баяндау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.08.2023 – 24.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

28.08.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат (онлайн).

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 72-08-08