ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті Консулдық мәселелер басқармасының екінші хатшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

317807

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Құқық және экономика негіздері
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Лингвистика
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
  • Халықаралық экономикалық қатынастар

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау; консулдық мәселелер бойынша ақпараттық, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу; консулдық саладағы нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға және жиналыстарға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.08.2023 – 24.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

28.08.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат (онлайн).

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 72-08-08