ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
824 323
Жалпы біліктілік талаптары
С-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-2, C-2, C-O-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар департаменті бастығының орынбасарынан немесе Қарулы күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда;
4) баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда сегіз жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі.
Мемлекеттік басқарудың тиісті саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялар жүктелген С-1 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе ұйымдарда, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес*.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
-Басқармалардың қызметтін үйлестіру;
-ҚР халықаралық аренада жағымды имиджін нығайту шеңберінде шетелдердегі ақпараттық-имидждік жұмыстың негізгі бағыттарын айқындау;
-ҚР шет елдеріндегі мекемелермен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасына шетел БАҚ өкілдерінің ресми сапарлары мен баспасөз-турларын ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік органдармен ұлттық компаниялармен, даму институттармен, қоғамдық пікірді қалыптастыруға әсер ететін шетелдік сараптамалық қоғамдастықтармен, консалтингтік компаниялармен пиар-агенттіктермен, достық қоғамдарымен және тағы да басқа үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
-ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыру мақсатында бөлінген қаражатты үйлестіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
-Қазақстан Республикасына шетел БАҚ өкілдерінің ресми сапарлары мен баспасөз-турларын ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік органдармен ұлттық компаниялармен, даму институттармен, ҚР шет елдеріндегі мекемелермен өзара іс-қимыл жасау; шетелдік БАҚ-тарға арнап ақпараттық-сараптамалық материалдар дайындау мәселелері бойынша жетекшілікті жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.mukitanov@mfa.gov.kz
- 20.06.2023
- 8 7172 72-08-08
-
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)