ҚР СІМ Халықаралық-құқық департаментінің Депонирлеу және нотификациялау басқармасының бірінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Түскен құжаттардың сапалы және уақытында орындалуын жалпы бақылау. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша анықтамалық-талдамалық ақпаратты әзірлеу. Халықаралық жария құқық саласында коллизиялық мәселелерді қарастыру. Қызметті жүзеге асыруға байланысты басқа да халықаралық құқықтық мәселелер бойынша: (1) түрлі деңгейдегі және форматтағы келіссөздерге дайындық жұмыстарын жүргізу, (2) жағалаужақ мемлекеттермен консультациялар ұйымдастыру және оларға қатысу (3) халықаралық шарттардың жобаларын қарастыру. Трансшекаралық су ресурстары және Басқарманың құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша халықаралық шарттардың жобаларын қарастыру. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Департаменттің құзыретіне қатысты бөлікте қарастыру. Министрліктің басшылығы, Президенттің Әкімшілігі және Үкімет үшін Басқарманың құызыретіне қатысты мәселелер бойынша тиісті есептер әзірлеу. Басқарманың құзыретіне жататын өзге де мәселелерді қарастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.mukitanov@mfa.gov.kz
- 28.02.2023
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)
-
87172720808