Цифровизация департаменті Цифрландыру және АКТ сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, (1 б.)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
357 266
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Бизнес және басқару
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Телекоммуникациялар
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Негізгі мемлекеттік саясат бағытында ақпараттандыру саласын жүзеге асыру; ақпараттық технологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау; Министрліктің республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша ақпараттық технологиялық қамтамасыз етуді әзірлеу; республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сыртқы саяси ведомствосының қызметін автоматтандыруды жобалау; жобаларды басқару, жаңа технологияларды қолдану арқылы СІМ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; байланыс каналдарын бақылау және қамтамасыз ету; ведомствоны ақпараттық-техникалық қамтамасыз етудің ағымдағы мәселері бойынша хат алмасу; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері арасында қазіргі заманғы байланыс құралдарын енгізу және ақпарат алмасу; уақытша бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану жолымен автоматтық жүйені өңдеу және ақпарат беру. Министрлікте серверлік жабдықтардың, электрондық поштаның, интернеттің, локалдық желінің жұмысын қамтамасыз ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.mukitanov@mfa.gov.kz
- 22.02.2023
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)
-
(8-7172) 72-08-08