Валюта-қаржы департаменті Валюталық операциялар басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
317 807
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Бизнес, басқару және құқықпен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Құқықтану
- Қаржы
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Шет елдердегі мекемелердің негізгі құралдарды есептен шығару туралы өтінімдерін қарастыру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен хат алмасу, шет елдердегі мекемелердің негізгі құралдарын есептен шығару туралы бұйрықтарды, актілерді, хаттамаларлы әзірлеу; Төтенше жағдайда қалған ҚР-ның азаматтарына қаржылық көмек көрсету үшін өтініштер мен бюджеттік қаржы бөлу есебін жүргізу; Бюджеттік бағдарламалар шегінде шетелдегі мекемелерді қаржыландыру жоспарларын жүзеге асыру бойынша оперативті есептілік талдауын жүргізуге; Бюджеттік бағдарламалар шегінде шетелдегі мекемелерді қаржыландыру жоспарларын бекіту мен бөлуді, есепті жыл ішінде қайта бөлінуге тиіс өтінімдерді қарастыруды жүзеге асыру; Штаттан тыс жұмыскерлер шектелімі бойынша және шектелетін шығыстар (өкілдік шығыстар, медициналық қамсыздандыру және балаларды оқыту) бойынша ұсыныстар қалыптастыру, есепті жыл ішінде бекітілген шектелімдерге өзгерістер енгізу туралы шет елдердегі мекемелердің өтінімдерін қарастыру; Қызметтік құзырет сұрақтары бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, шетелдегі мекемелермен хат жазысу; Өз құзыреті аясында жұмыс процесінің рационалды қолдану туралы, «1С.Предприятие» бағдарламалық қамтамасыз етуді және нормативтік құқықытық базаны жетілдірілуі туралы ұсыныстар жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.mukitanov@mfa.gov.kz
- 14.02.2023
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (ZOOM)
-
(8-7172) 72-08-08