ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаменті Еуразиялық экономикалық одақ басқармасының бірінші хатшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Түркітану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Лингвистика

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.

Функционалды міндеттер

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) жұмыс істеу мәселелері бойынша ақпараттық, сараптамалық және анықтамалық материалдарды әзірлеу; Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - ЕЭК) Алқасы, ЕЭК Кеңесі, Еуразиялық үкіметаралық кеңесі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырыстарына позициялық материалдарды дайындау, ЕАЭО-ның жұмыс істеу мәселелері бойынша сарапшылар кеңесіне қатысу; ЕАЭО-ға қатысты мәселелер бойынша ҚР мекемелері және министрліктерімен өзара әрекеттесу; Қызметтік іссапарларға бару және оны дайындау, әртүрлі деңгейлердегі кездесулерге материалдарды дайындау, ҚР-да тіркелген шетелдердің дипломатиялық өкілдіктеріне және ҚР-дың шетелдердегі мекемелеріне хаттар мен ноталарды дайындау және жолдау; Үшінші елдермен сауда экономикалық ынтымақтастық және еркін сауда жөніндегі келісімдерге қол қою бойынша келіссөздерге қатысу; Министрліктің жоғары лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері шегінде жүктелген өзге де функционалдық міндеттерді орындау; Департаментті басқару және оның қызметін үйлестіру; БҰҰ және басқа халықарарлық ұйымдармен Қазақстанның ынтымақтастығы туралы ұсыныстар енгізу; халықаралық ынтымақтастық жөнінде ақпараттық және сараптамалық құжаттарды дайындау; ресми сапарларды әзірлеу және өткізу; Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі проблемалық және перспективті мәселелер бойынша ресми ұстаным даярлауға ұсыныстар енгізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.12.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.12.2022 – 05.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

10.01.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 72-08-08