ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті Гуманитарлық ынтымақтастық және адам құқықтары басқармасының сарапшысы (қызметкердің орнына, 29.08.2024 жылға дейін)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
153 751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Қазақстанның Азаматтық, саяси құқықтар туралы халықаралық пакті және оған Факультативтік хаттама, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құықтар туралы халықаралық пакті, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясы, Геноцид қылмысын алдын алу және осы қылмыс үшін жазалау туралы конвенциясы, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенциясы, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы және Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған халықаралық конвенциясы бойынша жұмысты үйлестіру; сараптамалық материалдарды, сөз сөйлеулер және тезистер дайындығын қамтамасыз ету; басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.01.2023
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)
-
8 7172 72-08-08