ҚР СІМ Инвестиция комитеті Инвестициялық климат басқармасының атташесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Астана қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Түркітану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Лингвистика
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болу.
Міндетті түрде мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру.
Функционалды міндеттер
Инвестициялық ахуалды мониторингілеу және халықаралық қаржылық ұйымдармен әріптестік саласында өкім, ҚРҮ қаулы, Президент Бұйрық жобаларын әзірлеу; инвестиция саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; инвестицияларды қолдау және қолайлы инвестициялық ахуалды құру бойынша мемлекеттік инвестициялық саясатты құру және іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; мемлекеттік және салалық жобаларды іске асыру үшін шетелдік инвестицияларды тартуда көмек бойынша ұсыныстарды әзірлеу; ірі инвестициялық жобалар бойынша инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау саласындағы халықаралық келісім жобаларын қарастыру; ЭЫДҰ-мен әріптестік, ЭЫДҰ-мен бірлескен жобаларды іске асыру; Инвесторларды тарту мәселелері бойынша Үкіметтік Кеңес (Инвестициялық штаб) жұмысын қамтамасыз ету; халықаралық қаржылық және сараптамалық ұйымдармен ынтымақтастық; шетелдегі отандық инвесторларды қорғау және ілгерілету; Басқарма құзіреті шеңберінде Комитет, Министрлік басшылығында, Премьер-Министр және оның Орынбасарларында ағымдағы жиналыстарды әзірлеу; Басқарманың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеу, және Басқарма құзіретіне кіретін өзге де міндеттер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.01.2023
- Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй (онлайн)
-
8 7172 72-08-08