Қазақстанмен екіжақты қатынастарды кеңейту мәселелері Иордания СІМ басшысымен талқыланды

Амман, 2024 жылғы 20 тамыз – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Айман Ас-Сафадимен кездесті.
Қазақстан Елшісі Иорданияның сыртқы саяси ведомствосының басшысын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістер туралы хабардар етті.
Сонымен қатар екіжақты қатынастарды кеңейту және нығайту мәселелері талқыланып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы бірлескен іс-шаралар бойынша пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында Иордания СІМ басшысы Елшіге жауапты қызметте табыс тілеп, иордан тарапының оның дипломатиялық қызметін жүзеге асыруға жәрдемдесуге және қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.