Солтүстік Македония Қазақстан Елшілігінің ашылуын құптайды

Солтүстік Македония Қазақстан Елшілігінің ашылуын құптайды

Скопье, 2024 жылғы 14 ақпан – Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов ағымдағы жылдың 9 ақпанда Скопье қаласына жұмыс сапармен барып, осы елдің Президенті Стево Пендаровскийдің дипломатиялық корпус мүшелеріне арнап ұйымдастырған жыл сайынғы қабылдауына қатысты.Кезедсу барысында Елші Македония басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, оны Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен қысқаша таныстырды. Македония тарапына а.ж. 7 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысындаэкономиканы дамыту жөнінде белгіленген басты тезистерін жеткізді.

Ж. Әбдрашов Солтүстік Македония Президенті С.Пендаровскийді Скопье қаласында жақын арада өз жұмысын бастайтын ҚР Солтүстік Македониядағы Елшілігінің ашылатыны туралы ақпараттандырды.

Тараптар, өзара құрмет пен түсіністік рухында дамып отырған достық қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығының белсенділігіне жоғары баға берді.

С. Пендаровский өз кезегінде, Қазақстанның Скопьеде Елшілік ашу туралы шешімді құптап, бұл екі елдің байланыстарын одан әрі тереңдетуге өзсептігін тигізетінін атап өтті.

Сонымен қатар, қазақ дипломаты СМР Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Сания Зографскамен келіссөздер өткізіп, оның барысында екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен оны тереңдету, өзара тауар айналымының көлемін ұлғайту және шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективалары, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара іс-қимыл жасайтын және күш-жігерін үйлестіру бойынша бірқатар мәселелерді талқыға салды.