Молдова Парламенті Қазақстандағы демократиялық қайта құруларды қолдайды

Молдова Парламенті Қазақстандағы демократиялық қайта құруларды қолдайды

Кишинев, 2023 жылғы 15 наурыз – Қазақстан Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Парламентінің Төрағасы Игорь Гросумен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда өтетін парламенттік сайлау туралы Спикерді хабардар етті. Сондай-ақ А. Айдарбеков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша конституциялық, саяси және экономикалық реформалар шеңберінде ҚР сайлау заңнамасының жаңалықтарымен егжей-тегжейлі таныстырды.

Өз кезегінде, И. Гросу Қазақстандағы демократиялық қайта құруларға қолдауын білдіріп, парламентаралық және үкіметаралық өзара іс-қимыл бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге әзір екенін айтты.

Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларға ерекше назар аударды.

Сұхбат соңында тараптар тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.