Тәжікстан Республикасының мамандарына арналған «Бір терезе» қағидаттарына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша семинар

Жобаның мақсаты:

  • Тәжікстан Республикасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынуды оңтайландыруда техникалық көмек көрсету және «бір терезе» тетігін енгізу саласында сараптамалық қолдау көрсету арқылы кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-ахуалды жақсартуға жәрдемдесу

«Бір терезе» жүйесін енгізу қорытындылары бойынша реципиент елдің міндеттері

  •  Ұлттық және жергілікті деңгейлерде заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерлер үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынатын құрылымдар арасында ынтымақтастық пен келісімді жақсарту арқылы кәсіпкерлерге арналған «бір терезе» тетігін енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты күшейту.
  • Мемлекеттік қызметті шынайы ұсынуға мүмкіндік беретін әмбебап орталықтардың тиімді жұмыс істеуін құруға әкелген кәсіпкерлердің жабдықтаушыларына арналған негізгі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің әлеуетін көтеру.
  • Кәсіпкерлер үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға қоғамды тарту бойынша жалпыға ортақ ақпараттық науқан өткізу.

Семинарды өткізу уақыты: 2021 жылғы 20-21 қыркүйек

Семинарды өткізу орны: Алматы қ.

Спикерлер: «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

 

Семинардың атауы: Тәжікстан Республикасының мамандарына арналған «Бір терезе» қағидаттарына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну

Негізгі тақырыптары:

  1. Инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынуға арналған бірыңғай терезені енгізудің негізіне айналған мәселелерді талдау нәтижелері.

  2. Бірыңғай терезе тетігін енгізу эволюциясының кезеңдері және инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынудың қолданылатын моделі: Бірыңғай терезелердің жұмыс тетігі және функционалдық мүмкіндіктері.

  3. Инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін көрсетілетін электронды мемлекеттік қызметтер жүйесін енгізу барысындағы тосқауылдар.

  4. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну үдерісі: Басқарудың функционалдық жүйесі, көрсетілетін қызметтер саны және көрсетілетін қызметтерді алушыларға арналған маркетинг тәсілінің қаншалықты қолданылуы.

  5. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну үдерісін бақылауды және бағалауды жүзеге асыру, осындай қызметтердің көрсетілу сапасын қанағаттандырушылық.

  6. Әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың бірыңғай терезелерін қолданудың ведомствоаралық бірігу үдерісі.

  7. Инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін көрсетілетін электронды мемлекеттік қызметтерді оңтайландырудың әдіснамалық тәсілдері.

  8. Оңтайландыруды жүргізу тәжірибесі, инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жүйесін оңтайландыру нәтижелері және дамыту перспективалары.

  9. Көрсетілетін электронды мемлекеттік қызметтерді мобильді ұсыну және инвестициялық келісім-шарттарға электронды қол қоюды енгізу тәжірибесі.

Семинар ұйымдастырушысының байланысушы тұлға: Айнұр Түймебекова - KazAID серіктестік және өңірлік жобалар департаментінің басшысы

Email: ainur.tuimebekova@kazaid.kz, тел: + 7 701 661 21 51

Жобаның негіздемесі: Тәжікстан Республикасының дамыту мақсаттарын іске асыру салауатты, бәсекеге қабілетті жеке секторды елеулі дәрежеде дамытуға байланысты. Күн санап өсіп келе жатқан макроэкономикалық тұрақсыздыққа байланысты, ақша аударымдары негізіндегі экономикалық өсудің қазіргі моделі өте тұрақты емес. Алайда, жеке секторды дамыту жұмысқа орналасу үшін қосымша мүмкіндіктер жасап қана қоймай, борыштық дағдарыс тәуекелін жұмсарта отырып, экономикалық өсуді ынталандыра алады.

 

Соған қарамастан, Тәжікстанда жеке сектордың дамуы бірқатар кешенді себептерге байланысты, соның ішінде жергілікті кәсіпкерлер үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімсіздігіне орай баяулап барады. Орталық Азияда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласында көшбасшы бола отырып, Қазақстан Тәжікстанның мамандарымен өз білімдерімен және тәжірибесімен бөлісуге қабілетті.

Жобаның сипаттамасы: жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры (ҚР), Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ сарапшыларының және Тәжікстан Республикасынан шақырылған мамандардың қатысуымен семинар форматында жүзеге асырылатын болады. Семинар барысында қатысушыларға алдыңғы қатарлы қазақстандық мамандардың тәжірибесімен танысуға, сондай-ақ бар мәселелер бойынша сараптамалық қолдау алуға мүмкіндік беріледі. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылар «KazAID» Қазақстан агенттігі арқылы қазақстандық сарапшыларымен байланыста бола алады.

 «KazAID» қазақстандық халықаралық дамыту агенттігі

Аз ғана уақыт ішінде Қазақстан көмек алушылар қатарынан Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға дамыту мақсатында  көмек көрсетуге арналған өзге де донор (жәрдемші) елдермен қатар ынтымақтасқан халықаралық донорға айналды. 

Қазақстандық дамуға ресми көмек (ДРК) өңірдегі тұрақтылықтың орнықты дамуына жәрдемдесу мақсатында, сондай-ақ жария емес көші-қонды, кедейлікті, халықаралық қылмыскерлікті және есірткінің заңсыз айналысын қоса алғандағы, жаһандық және өңірлік мәселелерді шешуде көмек көрсету мақсатында ұсынылады.  «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі «Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 861 қаулысымен құрылған. Дамуға ресми көмек саласындағы уәкілетті орган, аталған Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылады.

Қазақстанның ДРК мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау және бизнес-ахуалды жақсарту; өңірлік және халықаралық сауда; денсаулық сақтау; қоршаған ортаны қорғау және климаттық өзгеруінің алдын алу; гендерлік теңдік; табиғи ресурстарды үнемді пайдалану және су ресурстарын өңірлік басқару; білім және ғылым; азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы сияқты секторларды және дамуға ресми көмек саласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын өзге де секторларды дамытуға бағытталған.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/about/structure/organization/leadership/17733/1?lang=ru

Семинардың серіктестері:

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Мемлекеттік корпорация жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және зейнетақымен әлеуметтік камсыздандыратын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызмет атқаратын бірыңғай провайдері болып табылады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» қоры) Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегі № 665 қаулысына сәйкес құрылған.

2015 жылдан бастап «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдаудың (кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, банктер алдындағы кәсіпкерлердің кредиттеріне кепілдік беру) іске асырылуын және мониторингін жүзеге асырушы қаржылық агент болып табылады.

«Даму» қорының филиалдары Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді, жергілікті кәсіпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және биліктің жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеуде едәуір тәжірибесі бар. 

 

Басталу уақыты

25 қазан 2021

Соңғы күні

26 қазан 2021

Оқиға түрі

Семинар