ММХҚИ бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы


Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (университет) (бұдан әрі – ММХҚИ) бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы хабарлайды (бакалавриат бағдарламасына 6 квота және магистратураға 2 квота).
ММХҚИ-да оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2021 жылғы 11-31 наурыз аралығында СІМ-нің Адам ресурстары департаментіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына (оқу мамандығын көрсете отырып) еркін нысандағы өтініш;
2) жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) нотариалды расталған немесе оқу орны растаған білімі туралы құжаттардың көшірмелері (аттестат (егер үміткер құжаттарды тапсыру сәтінде аттестатты алмаған жағдайда, 10 және 11 сыныптардың табельдерін ұсыну қажет), жоғары білімі туралы диплом, сертификаттар);
4) әр түрлі курстардан, семинарлардан, олимпиадалардан және т. б. сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың көшірмелері (бар болса);
5) шет тілдерін меңгеру деңгейін растайтын құжаттар (сертификаттар);
6) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына білім беру ұйымының басшылығынан ұсыныс хат;
7) оқу орнынан мінездеме;
8) 3х4 форматтағы 1 фотосурет;
9) түйіндеме.
Құжаттар қағаз папкасына тігілуі тиіс.
Конкурстық іріктеу 2021 жылғы 5 – 9 сәуір аралығында жазбаша емтихан және ауызша әңгімелесу түрінде өтеді.
ҚР СІМ-де конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер ММХҚИ-да түсу емтихандарын өз бетінше өтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 72 07 54, +7 701 550 00 44 телефондар арқылы немесе электрондық мекенжайға m.tleuzhanov@mfa.gov.kz хабарласуға болады.
05 сәуір 2021
09 сәуір 2021
Хабарландыру