Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын және «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумын өткізу туралы

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын  және «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумын өткізу туралы

2021 жылдың 5 ақпанында Алматы қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысы өтеді.

Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдің үкімет басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы қатысады. ЕАЭО бақылаушы мүше-мемлекеттері - Молдова, Өзбекстан және Кубаның қатысуы да жоспарланған.

ЕҮАК отырысы шағын және кеңейтілген форматта өтеді. Оның күн тәртібіне сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ішкі нарықтың жұмысына жол бермейтін кедергілерді жою, сондай-ақ экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті дамыту мәселелері кіреді.

Сол күні ЕҮАК отырысына қатысушылар инновациялық және технологиялық кәсіпкерлікті қолдау және ынталандыру мақсатында цифрлық экожүйелердің өзара іс-қимылына арналған «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық форумына қытысады. Форумға аталған саланың жетекші ғалымдары мен сарапшылары шақырылған.

БАҚ өкілдеріне аккредитациядан өту мақсатында ү.ж. 28 қаңтарына дейін белгіленген нысанға ( қоса беріледі) сәйкес тиісті ақпаратты r.kuspanov@mfa.kz электрондық поштасына жолдау қажет, жауапты қызметкер - Рахат Құспанов, ұялы тел. +77015579912. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға байланысты баспасөз орталықтарында орын саны шектеулі.

Барлық БАҚ өкілдері үшін COVID-19 теріс ПТР тесті бар анықтамасы болуы міндетті, оны 2021 жылдың 3 ақпанынан ерте тапсыру қажет екеніне назар аударамыз. Анықтаманың түпнұсқасын (қағаз түріндегі нұсқасы) іс-шаралар өткізілетін орындарға келген кезде ұсыну қажет.

Басталу уақыты

25 қаңтар 2021

Соңғы күні

28 қаңтар 2021

Өткізу орны

Алматы қ.

Оқиға түрі

Хабарландыру