Халықаралық қатынастар саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес консультативтік-кеңесші органын құру туралы

Халықаралық қатынастар саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңес консультативтік-кеңесші органын құру туралы

«Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде халықаралық қатынастар саласындағы кәсіптік біліктіліктерді дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында халықаралық қатынастар саласындағы салалық кеңес-консультативтік - кеңесші орган құруды жоспарлануда.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 «Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес салалық кеңес құрамына мыналардан екі өкілден артық емес енгізіледі:

1) мемлекеттік органның;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

3) Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;

4) жұмыс берушілерден;

5) салалық кәсіптік одақтардан (бар болса);

6) жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінен (қауымдастықтары, одақтары), олар болмаған кезде салалық ұйымдардан (болған кезде);

7) тиісті салада білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.

Салалық кеңестің құрамын қалыптастыру үшін халықаралық қатынастар саласында аттестатталатын жұмыс түрлерін жүзеге асыратын, салалық біліктіліктерді әзірлеу және енгізу тәжірибесі бар мамандар шақырылады.

Салалық кеңеске енгізу үшін мүдделі тұлғалар:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес халықаралық қатынастар саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерінің біліктілік талаптарын әзірлеу және енгізу жөніндегі тәжірибені растайтын құжаттар.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 12 қарашаға дейін (қоса алғанда) b.omirbekova@mfa.gov.kz электрондық мекенжай арқылы жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 72 07 54, +7 778 780 17 17, телефондар арқылы хабарласуға болады.

Оқиға күні

05 қараша 2026

Оқиға түрі

Отырыс