«Дипломатиялық сервис» РМК бос лауазымға орналасуға жариялаған конкурс туралы

«Дипломатиялық сервис» РМК бос лауазымға орналасуға жариялаған конкурс туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-ғимарат, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-08-08, факс: 72-08-08, электрондық пошта: t.amangeldinov@mfa.gov.kz,  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Дипломатиялық сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды: 

Құжаттар 2020 жылғы 28 қазанға дейін қабылданады

Кәсіпорын негізгі қызметінің мәні дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген функцияларды іске асыруға жәрдемдесетін саладағы қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (заңгерлік), мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы. Міндетті түрде мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру, мүмкіндігінше шетел тілдерін меңгеру.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес өткізілуде.

Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.

Сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс: 

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 15 күнтізбелік күн, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі 

Әңгімелесу өткізу уақыты: 2020 жылғы 29 қазанда.

Әңгімелесу өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31 ғимарат.

Басталу уақыты

13 қазан 2020

Соңғы күні

28 қазан 2020

Өткізу орны

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-ғимарат

Оқиға түрі

Конкурс

Кіру

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-ғимарат