«Дипломатиялық сервис» РМК бос лауазымға орналасуға жариялаған конкурс туралы


«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-05-60, электрондық пошта: rgpmid@mail.ru, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Құжаттарды қабылдау күні мен уақыты:
2020 жылғы 9 қыркүйек күні сағат 10:00-ге дейін
Әңгімелесу өткізу уақыты:
Конкурстық комиссияның кандидаттарының құжаттарын қарастыру және әңгімелесуге жіберу шешімі бойынша әңгімелесу өткізу уақыты ҚР СІМ ресми интернет-сайтында орналастырылады.
Әңгімелесу өткізу орны:
Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй
«ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК
Әкімшілік-құқық бөлімінің заңгер- кеңесшісі
(1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді және әзірлеуге қатысады. Кәсіпорында құқықтық жұмысты әдістемелік басқаруды жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелерге және қоғамдық ұйымдарға түрлі құқықтық құжаттарды дайындауға және ресімдеуге құқықтық көмек көрсетеді, шағым-талаптардан бас тарту кезінде негізді жауаптар дайындауға қатысады. Кәсіпорынның басқа бөлімшелерімен бірлесіп, төрелік сотқа, тергеу және сот органдарына беру үшін жымқырулар, жұмсап қоюлар, кем шығулар, сапасыз, стандартты емес және топталмаған өнім шығарулар, экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдар дайындайды, өндірістегі және орындалуы аяқталған соттық және төрелік істерді есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады. Шарттық, қаржылық және еңбек тәртіптерін нығайту және кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. Шағым-талаптарды, соттық және төрелік істерді, кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінде анықталған кемшіліктерді жою және жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында шаруашылық шарттарын жасау және орындау практикаларын зерделейді, талдайды және түсіндіреді. Белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды ресімдейді. Шаруашылық шарттарын жасау, оларға құқықтық сараптама жүргізу, ұжымдық шарттар мен салалық тарифтік келісімдердің талаптарын әзірлеу, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы мәселелерді қарау бойынша жұмысқа қатысады. Құрылымдық бөлімшелердің анықтамаларды, есеп айырысуларды, түсініктемелерді және шағым-талаптарға жауаптар дайындауға арналған басқа материалдарды уақтылы беруін бақылайды. Басқа бөлімшелермен бірлесіп кәсіпорында шығарылған қолданылып жүрген немесе күшін жойған бұйрықтар мен басқа нормативтік актілерді өзгерту немесе жою туралы ұсыныстар дайындайды. Қолданылып жүрген заңнамалық нормативтік актілерді жүйелендірілген есепке алу және сақтау бойынша жұмыс жүргізеді, оларды қабылдамау, өзгерту және толықтыру жөнінде белгілер жасайды, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар және есептеу құралдарын қолдану негізінде анықтамалық құжаттама дайындайды. Кәсіпорынның қызметінен туындайтын құқықтық мәселелер, қайтаруға келіп түскен нормативтік актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауға қатысады. Кәсіпорын қызметкерлеріне қолданылып жүрген заңнама және оларға өзгерістер туралы хабарлауды, кәсіпорынның лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады. Кәсіпорын қызметкерлеріне ұйымдық-құқықтық және басқа заң мәселелері бойынша кеңес береді, қорытынды дайындайды, мүліктік-құқықтық сипаттағы құжаттар мен актілерді ресімдеуге көмектеседі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретіне Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің, «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» Қоғамдық ұйымның өкілдері қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:
1) 1-қосымшада көзделген үлгіге сәйкес өтініш;
2) 3х4 өлшемдегі түрлі түсті сурет және 2- қосымшада көзделген үлгіге сәйкес кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) нотариалдық куәландырылған бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнының кадрлық қызметі куәландырған көшiрмесi;
5) құжат тапсырған күніне дейін алты айдан аспайтын уақыттағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының үлгілеріне сәйкес берілген денсаулығы туралы 086/е үлгісіндегі медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытындысы) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) бар болған жағдайда, құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, шектік мәнінен төмен емес нәтижелері көрсетілген заңнаманы білуге арналған тестілеуден өткені жайлы сертификат (бұдан әрі - сертификат) (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) бар болған жағдайда, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытындысы (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақыттағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес үлгі бойынша берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтамасы (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақыттағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес үлгі бойынша берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
04 қыркүйек 2020
09 қыркүйек 2020
Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй
Конкурс
Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй