ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңеске мүшелерді сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру


Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының өткен отырысының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚР Заңының 2-тараудың 8, 9-баптарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың өкілдерінен ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерін іріктеу бойынша (25 адам) конкурс жариялайды.
Өтініштер 2025 жылғы 18 сәуірден 2 мамырға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде қолма-қол және электрондық пошта арқылы қабылданады. Әрбір коммерциялық емес ұйым және өз ұсыныстарын жіберген әрбір азамат тек бір кандидатты ұсына алады.
Азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңестің құрамына кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады. Кандидаттарды іріктеу кезінде басым құқық сыртқы саясат саласында және гуманитарлық ғылымдар саласында неғұрлым практикалық жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ шет тілдерін меңгерген адамдарға берілетін болады.
Құжаттарды қабылдау (коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы немесе азаматтың қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші; өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер; соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама; психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының) болуы не болмауы туралы анықтама, оның ішінде заттарды қолдануға байланысты; кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім) жұмыс күндері сағат
9.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-15.00 аралығында үзіліс) келесі мекенжай бойынша жүргізіледі:
010000, Астана қаласы
Д. Қонаев көшесі, 31 үй, каб. 159
телефон: (8-7172) 72-07-21
email: a.alimzhanov@mfa.kz
18 сәуір 2025
02 мамыр 2025
Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі, 31 үй, каб. 159
Конкурс