ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін және байқаушыларын іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін және байқаушыларын іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – ҚР СІМ) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚР Заңының 2-тараудың 8, 9-баптарын басшылыққа ала отырып, ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың өкілдерінен жұмыс тобының мүшелерін (төрт адам) іріктеу бойынша конкурстың ашылуы туралы хабарлайды.

Өтініштер 2025 жылғы 3-9 сәуір (қоса алғанда) аралығында қолма-қол және электрондық пошта арқылы қабылданады. Әрбір коммерциялық емес ұйым және өз ұсыныстарын жіберген әрбір азамат ең көп дегенде бір кандидатты ұсына алады.

Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады. Кандидаттарды іріктеу кезінде басым құқық сыртқы саясат саласында және гуманитарлық ғылымдар саласында неғұрлым практикалық жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ шет тілдерін меңгерген адамдарға берілетін болады.

Құжаттарды қабылдау (коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы немесе азаматтың қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші; өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер; соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама; психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының) болуы не болмауы туралы анықтама, оның ішінде заттарды қолдануға байланысты; кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім) жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-15.00 аралығында үзіліс) келесі мекенжай бойынша жүргізіледі:

010000, Астана қаласы

Д. Қонаев көшесі, 31 үй, каб. 159

телефон: 8 (7172) 72-07-21

e-mail: a.alimzhanov@mfa.kz

Басталу уақыты

03 сәуір 2025

Соңғы күні

09 сәуір 2025

Өткізу орны

Астана қаласы Д. Қонаев көшесі, 31 үй, каб. 159

Оқиға түрі

Конкурс