KazAID ұйымдастырған дамушы 15 елдің семинарға қатысуын жариялау үшін журналистерді аккредиттеу туралы (Biennial Transparency Report)

KazAID ұйымдастырған дамушы 15 елдің семинарға қатысуын жариялау үшін журналистерді аккредиттеу туралы (Biennial Transparency Report)

2024 жылғы 16-18 қыркүйекте 15 дамушы елдерден қатысушыларға арналған семинар өтеді, COP29 шеңберінде ашықтық туралы екі жылдық есептерді (Biennial Transparency Report) дайындауды жеделдету бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған. Семинарды «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақстан және Әзербайжан экология және табиғи ресурстар Министрліктерімен, Әзербайжанның «AIDA» Халықаралық даму агенттігімен, БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен, БҰҰ Даму бағдарламасымен, БҰҰ климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясымен, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлесіп ұйымдастырды.

Қатысушы елдер: Әзербайжан, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстан, Армения, Албания, Босния және Герцеговина, Грузия, Қазақстан, Черногория, Солтүстік Македония, Тәжікстан, Сербия және Түркия.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 13 қыркүйек сағат 17.00-ге дейінгі мерзімде аккредиттеуге өтінімдерді нысанға сәйкес электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: a.ungarbayeva@kazaid.kz  

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда KazAID баспасөз қызметіне +7 708 176 25 82 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Басталу уақыты

16 қыркүйек 2024

Соңғы күні

18 қыркүйек 2024

Оқиға түрі

Семинар