Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистерді аккредиттеу туралы


Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2024 жылғы 21 мамырда Астана қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
Іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ ӨТҚҚ Атқарушы комитетінің директоры қатысады.
Отырыс барысында ағымдағы жылы Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын қарау жоспарлануда.
Осыған орай аккредиттеуден өту үшін ү.ж. 16 мамырда сағат 18.00-ге дейін форманы толтырып, mfakzaccreditation@gmail.com поштасына жолдауды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:
- Муташев Мейрам, ж.т.: +7 (7172) 72-01-45, ұ.т.: +7 (777) 828-88-86 (WhatsApp, Telegram).
14 мамыр 2024
16 мамыр 2024
Отырыс