ММХҚИ бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы

ММХҚИ бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі –ҚР СІМ) Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (университет) (бұдан әрі – ММХҚИ) бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы хабарлайды (бакалавриат бағдарламасына 5 квота, магистратураға 3 квота және аспирантураға 2 квота). 

Бакалавр бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, экономика, құқықтану, журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс.

Магистратура бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, экономика, құқықтану, журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс, мемлекеттік және муниципалды басқару, қаржы және несие.

Аспирантура бағдарламалары: құқықтану, экономика, саяси ғылымдар, педагогика.

Оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2024 жылғы 1 – 23 сәуір аралығында ҚР СІМ-нің Адам ресурстары департаментіне мынадай құжаттарды ұсынады:

  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына (ТАЖ, мекен-жайы, байланыс телефон және оқу мамандығын көрсете отырып) еркін нысандағы өтініш;
  • жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • нотариалды расталған немесе оқу орны растаған білімі туралы құжаттардың көшірмелері (аттестат (егер үміткер құжаттарды тапсыру сәтінде аттестатты алмаған жағдайда, 10 және
    11 сыныптардың табельдерін ұсыну қажет), жоғары білімі туралы диплом, сертификат);
  • нотариалды расталған әр түрлі курстардан, семинарлардан, олимпиадалардан және т.б. сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың көшірмелері (бар болса);
  • шет тілдерін меңгеру деңгейін растайтын құжаттар (сертификаттар);
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына білім беру ұйымының басшылығынан ұсыныс хат;
  • оқу орнынан немесе жұмыстан мінездеме;
  • 3х4 форматтағы 1 фотосурет;
  • еркін нысандағы түйіндеме.

Құжаттар қағаз папкасына тігілуі тиіс.

Конкурстық іріктеу 2024 жылғы 25 – 26 сәуір аралығында жазбаша емтихан және ауызша әңгімелесу түрінде өтеді.

ҚР СІМ-де конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер ММХҚИ-да түсу емтихандарын өз бетінше өтеді.

ҚР СІМ-де өткен ММХҚИ-де оқуға үміткерлерді анықтау қорытындылары

Оқиға күні

27 наурыз 2024

Оқиға түрі

Хабарландыру