МХҚХҚИ бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы


Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (университетінде) (бұдан әрі – МХҚХҚИ) бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы хабарлайды (бакалавриат бағдарламасына 6 квота және магистратураға 2 квота).
ММХҚИ-да оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2020 жылғы 18-29 мамыр аралығында СІМ-нің Адам ресурстары департаментіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына (оқу мамандығын көрсете отырып) еркін нысандағы өтініш;
2. жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3. нотариалды расталған немесе оқу орны растаған білімі туралы құжаттардың көшірмелері (аттестат (егер үміткер құжаттарды тапсыру сәтінде аттестатты алмаған жағдайда, 10 және 11 сыныптардың табельдерін ұсыну қажет), жоғары білімі туралы диплом, сертификаттар);
4. әр түрлі курстардан, семинарлардан, олимпиадалардан және т. б. сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың көшірмелері (бар болса);
5. шет тілдерін меңгеру деңгейін растайтын құжаттар (сертификаттар);
6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына білім беру ұйымының басшылығынан ұсыныс хат;
7. оқу орнынан мінездеме;
8. 3х4 форматтағы 1 фотосурет.
Құжаттар қағаз папкасына тігілуі тиіс.
Конкурстық іріктеу 2020 жылғы 1 – 5 маусым аралығында жазбаша емтихан және ауызша әңгімелесу түрінде өтеді.
ҚР СІМ-де конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер МҚМҚИ-да түсу емтихандарын өз бетінше өтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 72 04 48, +7 701 0 91 99 19 телефондар арқылы немесе электрондық мекенжайға s.daueshova@mfa.gov.kz хабарласуға болады.
18 мамыр 2020
29 мамыр 2020
МИД РК
Конкурс