«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі мен JICA» Жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігі кәсіпкерлік саласында семинар өткізеді

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «JICA» Жапондық  халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 24-25 қазанында Душанбе қаласында тәжік мамандарына арналған «КАЙДЗЕНГЕ кіріспе» тақырыбында семинар (мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі интерактивті сессиямен) ақырыбында семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты - Тәжікстаннан келген қатысушылармен кәсіпкерлік саласындағы қазақстандық-жапондық тәжірибемен бөлісу.

Спикерлер ретінде Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығы мен Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қазақстандық сарапшылары сөз сөйлейді.

Бұл семинар Тәжікстан мен Түрікменстан қатысушылары үшін ағымдағы жылдың наурыз айында өткізілген КАЙДЗЕН философиясы бойынша бірлескен онлайн-семинардың жалғасы болып, және Қазақстан, Тәжікстан және Жапонияның дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қызмет етеді.

Басталу уақыты

24 қазан 2022

Соңғы күні

25 қазан 2022

Оқиға түрі

Семинар