«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «KOICA» Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлесіп семинарді өткізеді
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «KOICA» Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 29 қыркүйекте Бішкек қаласында «Цифрландыру тиімді мемлекеттік басқару құралы ретінде» тақырыбындағы семинарді өткізеді.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік органдардың қызметіне цифрландыруды енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының тәжірибелерін Қырғыз Республикасының мамандарымен бөлісу.
Қазақстан тарапынан спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы цифрландыру, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» сарапшылары сөз сөйлейді. Корей тарапынан Корей ұлттық ақпараттық қоғам агенттігінің (NIA) және Корей сауда желісінің (KTNET) сарапшылары сөз сөйлейді.
Аталған семинар өткен жылғы семинардың нәтижелерін тереңдетуге және екі ел арасындағы цифрландыру және мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.
29 қыркүйек 2022
город Бишкек
Семинар