ММХҚИ бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (университет) (бұдан әрі – ММХҚИ) бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы хабарлайды (бакалавриат бағдарламасына
6 квота және магистратураға 2 квота). 

Бакалавр бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, экономика, құқықтану,журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс.

Магистратура бағдарламалары:  халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, экономика, құқықтану,журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс, саясаттану, мемлекеттік және муниципалды басқару, қаржы және несие, әлеуметтану.

ММХҚИ-да оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген үміткерлер
2022 жылғы 16-31 наурыз аралығында СІМ-нің Адам ресурстары департаментіне мынадай құжаттарды ұсынады:

  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына (ТАЖ, мекен-жайы, байланыс телефон және оқу мамандығын көрсете отырып) еркін нысандағы өтініш;
  • жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • нотариалды расталған немесе оқу орны растаған білімі туралы құжаттардың көшірмелері (аттестат (егер үміткер құжаттарды тапсыру сәтінде аттестатты алмаған жағдайда, 10 және 11 сыныптардың табельдерін ұсыну қажет), жоғары білімі туралы диплом, сертификаттар);
  • нотариалды расталған әр түрлі курстардан, семинарлардан, олимпиадалардан және т. б. сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың көшірмелері (бар болса);
  • шет тілдерін меңгеру деңгейін растайтын құжаттар (сертификаттар);
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына білім беру ұйымының басшылығынан ұсыныс хат;
  • оқу орнынан немесе жұмыстан мінездеме;
  • 3х4 форматтағы 1 фотосурет;
  • түйіндеме.

Құжаттар қағаз папкасына тігілуі тиіс.

Конкурстық іріктеу 2022 жылғы 4-8 сәуір аралығында жазбаша емтихан және ауызша әңгімелесу түрінде өтеді.

ҚР СІМ-де конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер ММХҚИ-да түсу емтихандарын өз бетінше өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 72 04 48, +7 771 771 04 04 телефондар арқылы немесе электрондық мекенжайға damir.akhmetov@mfa.gov.kz хабарласуға болады.

Басталу уақыты

16 наурыз 2022

Соңғы күні

31 наурыз 2022

Оқиға түрі

Хабарландыру