Қазақстан-Швейцария арасындағы қатынастар
Жалпы ақпарат
|
01.06.1992 ж. |
- |
Дипломатиялық қатынастар орнатылды |
||
|
1994 ж. |
- |
Швейцария консулдығының ашылуы, Алматы қ. |
||
|
1996 ж. |
- |
ҚР Швейцариядағы Елшілігінің ашылуы, Берн қ. |
||
|
2008 ж. |
- |
Швейцария Елшілігінің ашылуы, Астана қ. |
||
|
ҚР Швейцариядағы Елшісі |
- |
Әлібек Әсетұлы Бақаев (04.09.2019 ж. бастап) |
||
|
Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі |
- |
Давид Грихтинг, (2021 ж. қазаннан бастап) |
||
Саяси ынтымақтастық
Ынтымақтастықтың жоғары деңгейі екі ел басшылығы арасындағы тұрақты байланыстар арқасында құрылуда.
|
Жоғарғы деңгейдегі байланыстар |
||
|
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаев |
||
|
1996, 1998, 2009, 2014 жж. |
- |
Давостағы ДЭФ сессияларына қатысу; |
|
2004 ж. |
- |
Швейцарияға ресми сапар. |
|
Швейцария Федералдық Президенттерінің Қазақстанға сапарлары |
||
|
2014 ж. |
- |
Д.Буркхальтер, ЕҚЫҰ Төрағасы ретінде Орталық Азияға жасаған турнесі барысында; |
|
2017 ж. |
- |
Д.Лейтхард Астана – ЭКСПО 2017 барысында; |
|
22.11.2019 ж. |
- |
Официальный визит Федерального президента У.Маурера в Казахстан. |
|
ҚР Президенті Қ. Тоқаев |
||
|
18.05.2021 ж. |
- |
Федералдық Президент Г.Пармеланмен бейнекеліссөздер; |
|
29.11.2021 ж. |
- |
Швейцарияға ресми сапары барысында Федералдық Президент г. Пармеланмен келіссөздер. |
|
Жоғары деңгейдегі байланыстар |
||
|
2018 ж. маусым |
- |
ҚР-ға Швейцарияның Федералдық Кеңесшісі, Экономика, білім және зерттеулер Федералдық департаментінің басшысы Й.Шнайдер-Амманның іссапары, Ақтау, Астана, Алматы; |
|
21.01.2020 ж. |
- |
ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтановтың жұмыс сапары (Швейцарияның іскер топтарымен кездесулер); |
|
24.02.2020 ж. |
- |
ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді БҰҰ АҚК сессиясы аясында ШҚ Федералдық Сыртқы істер кеңесшісі И.Кассиспен кездесуі; |
|
15.10.2020 ж. |
- |
ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтановтың жұмыс сапары (Қазақстан-Швейцария ҮАК-тың Тең төрағасы Э.Боллингермен және іскер топтарымен кездесулер); |
|
12.11.2020 ж. |
- |
ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтановтың ШК Федералдық кеңесшісі, Экономика, зерттеулер және білім бойынша Федералдық департаментінің басшысы |
|
06.09.2021ж. |
- |
1) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Швейцарияға ресми сапары, ШК Вице-Президенті, Сыртқы істер федералдық кеңесшісі |
|
Парламентаралық ынтымақтастық |
||
|
2012 ж. |
- |
Қазақстан-Швейцария арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық тобы құрылды (2013 жылғы 28 қарашада және 2014 жылғы 14 қазанда Бернде 2 отырыс өткізілді); |
|
23.10.2013 ж. |
- |
ҚР Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаевтың Берн қаласына сапары; |
|
18.03.2014 ж. |
- |
ҚР Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматуллиннің сапары, Женева, Берн ққ.; |
|
2013, 2017, 2018 жж. |
- |
Швейцария Федералдық жиналысы Кантондар кеңесінің депутаты Ф. Ломбардидің сапары; |
Сімаралық байланыстар
Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде сімаралық консультациялардың 4 раунды өтті (Қазақстанда – 2012, 2016 және 2019 жж., Швейцарияда – 2018 ж.), Бернде – 2021 ж. 17 мамырда департамент директорлары деңгейінде өтті.
Аймақаралық ынтымақтастық
|
2016 ж. мамыр |
- |
Алматы қ. Әкімі Б.Байбек пен Лугано қ. Мэрі М. Боррадори Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды; |
|
2017 ж. тамыз |
- |
Алматы облысының Әкімі А.Баталов пен Тичино кантонының Қаржы-экономикалық департаментінің директоры К. Витта Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. |
Көпжақты ынтымақтастық
Қазақстан - Дүниежүзілік Банктағы «Жаһандық Экологиялық Қоры» швейцариялық округінің (2003 ж. бастап), ХВҚ-ның және Дүниежүзілік банктің (2010 ж. бастап) мүшесі.
Швейцария Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығын және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдады. Екі ел де БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне кандидатураларын өзара қолдады (ҚР 2017-18 жж., ШК 2023-24 жж.). 2014 жылы Швейцария тарапы Қазақстанның Еуропа-Азия Форумына (ASEM) қосылуын қолдады.
Қазақстан мен Швейцария трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару саласында табысты ынтымақтастық жасауда. 2017 ж. 18-19 маусымда Астанада Федералдық кеңесші, Федералдық Сыртқы істер департаментінің басшысы Д. Буркхальтер «Орталық Азиядағы көгілдір әлем: 2030 жылға арналған күн тәртібі – су қауіпсіздігі және өзара тиімді өсім (Базель-3)» конференциясына қатысты. Сапар барысында Д.Бүркхальтер ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевпен және ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановпен кездесті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Швейцария ҚР 20 ірі сауда серіктестерінің қатарына кіреді.
|
Екі жақты сауданың негізгі көрсеткіштері, USD млн. (ақпарат көзі: ҚР СЖРА ҰСБ) |
||||
|
Кезең |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
|
Тауар айналымы |
3077 |
2824 |
1760 |
1163,9 |
|
Швейцарияға экспорттау |
2900,4 |
2688,2 |
1570 |
855,0 |
|
Швейцариядан импорт |
176,5 |
135,7 |
190 |
308,9 |
ҚР СЖРА ҰСБ статистикалық деректері бойынша 2022 жылғы 31 қаңтарға сәйкес, ҚР-да 314 швейцарлық компания және БК жұмыс жүргізуде. АХҚО алаңында 8 швейцариялық компания тіркелген.
Инвестициялық өзара іс-қимыл
ҚР Ұлттық Банкінің статистикасы бойынша 2005-2021 жылдары Швейцариядан Қазақстанға ТШИ жалпы ағыны 29 млрд. АҚШ долл. құрады,
|
ТШИ жалпы ағыны / жылыстауы, USD млн. Ақпарат көзі: ҚР Ұлттық Банкі |
|||||||
|
Кезең |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021, 9 ай |
|
Жалпы кіріс |
1907,4 |
2702,2 |
2964,5 |
2540,8 |
2245,9 |
1772,3 |
1922,2 |
|
Жалпы шығыс |
6,2 |
10,7 |
1,4 |
1,8 |
10,6 |
5,6 |
2,8 |
ҮАК
Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 10 отырысы өткізілді. Тең төрағалары - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов және сауда келісімдер жөніндегі Федералдық Кеңестің уәкілі Э.Боллингер (Елші дәрежесінде).
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
2015 жылдың 22 мамыры - Қазақстан-Швейцария туризм және мейрамхана-қонақ үй бизнесі институты ашылды (Алматы технологиялық университеті және Швейцария туризм және қонақ үй менеджменті институты HTMi негізінде).
Женева бизнес мектебінің филиалдары Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыс істейді (Geneva Business School).
2015 жылдың 6 қарашасы - Берндегі тарихи музейге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директоры М.Әбусейітованың төрағалығымен жасалған «Анри Мозер қорынан алынған Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы қолжазбалар мен артефактілер» ғылыми жұмысы табысталды.
2018 жылдың мамыры - «Рухани жағыру» ұлттық бағдарламасы аясында Қазақстанның танымал опера және эстрада орындаушыларының қатысуымен Женевадағы Леман театрында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті өтті.
2019:
19-20 наурыз - Берн қаласында Швейцария сарапшылары мен саясаткерлерінің қатысуымен Қазақстандағы реформалар бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
8 мамыр - Бернде "Экус: Жылқының тарихы" деректі фильмнің көрсетілімі өтті.
25 қазан (Цюрих)/8 желтоқсан (Берн) - Қазақстан Республикасының студенттері мен қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне арналған дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/43117?lang=kk
2020:
Ақпан - А.Құнанбаевтың 175 жылдығына және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркалары шығарылды, сондай-ақ Елшілік сайтында фото және видео материалдармен жеке айдарлар ашылды: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/42168?lang=kk
7 сәуір - Елшіліктің қолдауымен С.Токанова мен И.Грибаус сынды музыканттардың Цюрих қаласында Абайдың 175 жылдығына орай алғашқы онлайн концерті өтті:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/53232?lang=kk
Сәуір - Елшілік «Отандастар» қорымен бірлесіп, Швейцариядағы диаспора үшін қазақ тілін үйренуге арналған онлайн-жобаны іске қосты.
30 мамыр - Елшіліктің көмегімен «Бірлік» қазақ-швейцария қауымдастығы құрылды. Тамыз айында қауымдастық Семейдегі жұқпалы аурулар ауруханаларының бірі мен перзентханаға 10 мың франктан асатын гуманитарлық көмек көрсетіп, Қазақстанның жас дәрігерлеріне арналған «United for Health» стипендиялық жобасын іске қосты.
27 шілде - Домбыра күні Швейцария, Италия, Германия және Австрия музыканттарының қатысуымен өтті. Бұл ретте швейцариялық Абай шығармашылығын қастерлейтін – жатқа айтушылардың, Цюрих университетінің оқытушыларының, диаспора өкілдерінің қатысуымен «Абай оқулары» өтті:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/78036?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/76688?lang=kk
6 қыркүйек (Цюрих) - Диаспора мен қазақстандық музыканттардың қатысуымен композитор Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған музыкалық челлендж өтті:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/media/details/6324?lang=kk
Тамыз айы - Цюрих университетімен тығыз байланыс орнатылды:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/102528?lang=kk
2020 жылдың көктемі - Коронавирустық пандемия кезінде швейцариялық компаниялар (Roche, Novartis, Philipp Morris Intl. және Glencore (Қазцинк) Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті.
2021:
12 қаңтар – Жетекші швейцариялық басылымдардың (Tamedia, NZZ, SRF, Weltwoche, Handelszeitung және т.б.) журналистеріне арналған Қазақстандағы парламенттік сайлау нәтижелері туралы онлайн брифинг өтті.
31 мамыр – Берн қаласында «Birlik» Қазақстан-Швейцария бірлестігімен дөңгелек үстел өткізілді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/209885?lang=kk
22 наурыз – «Наурыз-2021» мерекесіне орай Цюрих университетінің әлеуметтік антропология және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор Петер Финкенің қазақстандық арналарда көрсету үшін қазақ тілінде бейне құттықтауы көрсетілді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/media/details/12243?lang=kk
5 сәуір – Елшіліктің ресми сайтында және Facebook желісінде Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы маңызды кезеңдерге арналған онлайн фотокөрме ұйымдастырылды:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/activities/11998?lang=kk
23 тамыз – Берндегі Семей полигонының жабылуының 30 жылдығы аясында А.Сингердің «Жел қайда соққан» директі фильмінің көрсетілімі және Қ.Күйіковтың «Көгілдір сәуле» картиналарының көрмесі өтті:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/245875?lang=kk
26 тамыз – «Information Centre on Historical Sources at the R.B. Suilemenov Institute of Oriental Studies» пен «Heinrich and Henri Moser Foundation» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
6 қыркүйек – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің Швейцарияға ресми сапары аясында 2022-2025 жылдарға арналған «Орталық Азия түркі халықтарының Швейцариядағы мұрасын» зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи дереккөздер жөніндегі ақпараттық орталық пен Берн тарихи мұражайы арасында қол қойылды:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/252285?lang=kk
Сондай-ақ қазақстандық делегация Берн тарихи мұражайында қазақ мемлекеттілігінің тарихынан сыр шертетін бірегей мұрағаттық материалдарға арналған арнайы көрмені тамашалады, онда қазақ қоғамының саяси элитасының құрметті орындарын көрсететін барқыт тұс кілеміне ерекше назар аударылды. Бұл гобеленнің әлемде де, Қазақстанда да баламасы жоқ.
25 қыркүйек – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Берн қаласында «Алаш Ордаға» арналған «Тар заман» көркем фильмінің көрсетілімі өтіп, шараға қатысушылар арасында ашық пікірталас ұйымдастырылды:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/261499?lang=kk
10 қараша – Нұр-Сұлтандағы Қазақ ұлттық өнер университеті мен Цюрих өнер университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
13 қараша – Цюрихте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әлемге әйгілі музыканттар – скрипкашы Айман Мұсаходжаева мен пианист Бруно Каниноның концерті өтті:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/285398?lang=kk
Құқықтық сұрақтар
2019 жылғы 5 ақпанда Бернде өзара құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша ҚР Әділетмині, БП, ЭСЖҚА Швейцария СІМ-мен техникалық консультациялар өткізді. Тараптар құқықтық көмек туралы келісімге келешекте қол қою және Қазақстанның Еуропа Кеңесінің құқықтық конвенцияларына қосылуы бойынша бірлескен жұмыс жүргізу мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандум жасасу бойынша консультацияларды жалғастыру туралы уағдаласты.
2019 жылғы 19 наурызда Бернде ҚР Әділетмині, Жоғарғы Сот, БП және ІІМ бірінші басшылары орынбасарларының қатысуымен дөңгелек үстел (адами-құқықтық тақырып, ҚР-дағы құқықтық реформалар) өткізілді. 2019 жылғы 20 наурызда ЕҚЫҰ және ЕКПА-дағы ұлттық делегацияларға кіретін Швейцария Парламенті депутаттарының қатысуымен осындай іс-шара өтті.