Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 28 наурызда орнатылды.

Қазақстан мен Сирия арасындағы өзара қатынастарға қазіргі уақытта еліміздің Иорданиядағы Елшілігі жетекшілік етеді. 2007 жылғы сәуір айынан бастап Дамаск қаласында Қазақстанның Консулдығы жұмыс істейді. Консул- А.Жабаш.
2007 ж. қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Дамаскіге жасаған алғашқы ресми сапары екі ел арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға елеулі серпін берді. 
Сапар қортындысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі мен САР Сыртқы істер министрлігі арасындағы саяси консультациялар жөніндегі Декларацияға, ҚР Үкіметі мен САР Үкіметі арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен САР Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Өзара түсіністік, сондай-ақ Астана мен Дамаск арасындағы әріптестік қарым-қатынастар орнату меморандумдарына қол қойылды. Сапар шеңберінде Қазақстан-Сирия Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.
Қазақстанға САР бұрынғы Сыртқы істер министрі Фаруқ Шарааның (1992 ж. наурыз), САР Экономика және сауда министрі А.Лютфидің (2005 ж. тамыз), Сирияның қазіргі Сыртқы істер министрі Уалид әл-Муаллимның (2007 ж. қыркүйек) сапарлары болды. 
Өткен жылдары Сирияда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ж.Тұяқбай (2004 ж. маусым), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.Құл-Мұхаммед (2003 ж. мамыр), ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев (2006 ж. маусым), ҚР Индустрия және сауда министрі Ғ.Оразбақов (2007 ж. шілде) болып қайтты.
Екі елдің мәдени саласында Дамаскіде жерленген қазақ халқының көрнекті ұлдары – ғалым, ойшыл Әбу Наср Әл-Фараби мен Египет пен Сирияның ХІІІ ғасырдағы билеушісі Сұлтан Аз-Захир Бейбарыстың тарихи мұраларына қатысты тақырып ерекше орын алады.
2007 ж. қазанда ҚР Үкіметі мен САР Үкіметі арасында Дамаск қаласында Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салу, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, ҚР Үкіметі Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салуға 29,6 млн. теңге және Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтіру құрылысына 54,2 млн. теңге қаражат бөлді.
Екі ел арасындағы тауар айналымы 2010 жылы 8,9 млн. АҚШ долл. құраса (негізінен экспорт), 2011 жылы 5,772 млн. АҚШ долларға жетті (экспорт – 3,19 млн. АҚШ долл., импорт – 2,58 млн. АҚШ долл.).

Дата публикации
07 октября 2019
Дата обновления
07 октября 2019
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы