Жалпы мәліметтер
1994 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1995 ж. 13 желтоқсан – Рияд қаласында ҚР Елшілігі ашылды.
1997 ж. наурыз айында – Астана қаласында САК Елшілігі ашылды.
2007 жылғы 28 желтоқсаннан бастап Джидда қаласында ҚР Консулдығы жұмыс істейді, ол 2019 жылғы 5 тамызда Бас консулдық мәртебесін алды.
2019 жылғы наурыздан бастап ҚР-дың САК-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Арын болып табылады.
2023 жылғы наурыздан бастап САК-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ф.Әл-Кахтани болып табылады.
Жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлар
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Сауд Арабиясына төрт рет сапармен барды (ресми сапарлар - 1994 жылғы қыркүйекте, 2004 жылғы наурызда және 2016 жылғы қазанда, жұмыс сапары – 2017 жылғы мамырда).
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Сауд Арабиясына екі рет сапармен барды (ресми сапар 2022 ж. шілдеде, жұмыс сапары 2023 ж. шілдеде).
Парламентаралық ынтымақтастық
2015 жылы Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Король Абдалла бен Абделазизді жерлеу рәсіміне қатысты.
2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтіп, оған САК Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммед бен Ибраһим Әл аш-Шейх бастаған саудтық делегация қатысты .
2021 жылғы 17-23 қазанда САК Консультативтік кеңесінің Төрағасы А.Әл аш-Шейх бастаған саудтық парламенттік делегацияның Қазақстанға ресми сапары өтті. Сапар барысында А.Әл аш-Шейхті ҚР Президенті Қ.Тоқаев қабылдады, сондай-ақ ол ҚР Парламенті Сенатының және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағаларымен келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында парламентаралық диалогты кеңейту және тереңдету жолдары қарастырылды.
Сауд тарапынан Қазақстан-Сауд парламенттік достық тобының тең төрағасы М.Әл-Жарбаа, ал Қазақстан тарапынан А.Сырым болып табылады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тауар айналымы 2023 ж. 15 млн. АҚШ долл. құрды (экспорт - 7,9 млн., импорт – 7,1 млн.). 2022 жылы тауар айналымының көлемі 16,4 млн. (экспорт - 4,69 млн., импорт - 11,76 млн.), ал 2021 жылы – 8,6 млн. құрды (экспорт – 5,47 млн., импорт – 3,16 млн.).
Экономикалық бағыттағы елдердің өзара іс-қимылының негізгі тетігі Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. ҮАК тең төрағалары: Қазақстан тарапынан – Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сыртқы істер министрі М.Ә. Нұртілеу, Сауд Арабиясынан – САК Ивестиция министрі Х. Әл-Фалих.
Осы уақытқа дейін ҮАК-тың 6 отырысы өткізілді (1999 жылғы қазанда Астанада, 2004 жылғы наурызда Риядта, 2009 жылғы мамырда Астанада, 2014 жылғы қарашада Риядта, 2021 жылғы қыркүйекте Астанада және 2023 жылғы желтоқсанда Риядта).
ҚР-САК Іскерлік кеңесі жұмыс істейді. Іскерлік кеңестің бірінші отырысы 2023 жылғы 21 желтоқсанда Рияд қаласында өтті. Қазақстандық тараптан Іскерлік кеңестің тең төрағасы «GreyWolf Management» ЖШС бас директоры Қ.Кудайбергенов, ал сауд тарапынан Al Rajhi International for Investment (RAII) компаниясының бас директоры Ахмед Әл-Дахил болып табылады.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Сауд тарапы Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу жөніндегі бастамасын алғашқы күннен бастап қолдап келеді. САК-тың жоғары өкілдері мен Дүниежүзілік ислам лигасының басшылығы 2003, 2006, 2009, 2012, 2015, 2018 және 2022 жж. өткен съездердің жұмысына қатысты.
2009 жылғы 24-31 қазан аралығында САК-та Қазақстанның мәдениет күндері, ал 2010 жылғы 1-5 маусым аралығында Қазақстанда Сауд Арабиясының мәдениет күндері өткізілді.
2020 жылғы 27 мамырда ҚР-дың САК-тағы Елшілігінің және ИЫҰ жанындағы Ресейдің Тұрақты өкілдігінің бірлескен күш-жігерімен, сондай-ақ ИЫҰ Бас хатшылығының қолдауымен «Ислам әлемімен қазіргі заманғы дипломатиялық қатынастардың бастауында: Қ.А.Хакимов пен Н.Т.Төреқұловтың өмірі мен тағдыры» атты бейнеконференция өткізілді.
2020 жылғы 22 қарашада Риядта Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын мерекелеу аясында Елшілік Сауд Арабиясының зерттеу және мәдениетаралық білім орталығымен бірлесіп және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің қолдауымен қазақ ақынының өмірі мен шығармашылығына арналған симпозиум өткізді.
2020 жылғы 8 желтоқсанда Елшілік Король Фейсал атындағы Исламтану орталығымен бірлесіп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолдауымен «Әбу Насыр Әл-Фарабидің адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.
2022 ж. желтоқсанда Н.Төреқұловтың 130-жылдығына орай Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет Елшіліктің қатысуымен «Төреқұлов оқулары» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференция өткізді.
2023 жылғы 30 мамырда Король Абделазиз атындағы Ғылыми-техникалық қалашықтың Президенті М.Элдесоуки бастаған САК делегациясы Алматы қаласында өткен «ИЫҰ-15» диалогтық платформасының алғашқы министрлік кездесуіне қатысты.
2023 жылғы 26 қыркүйекте Рияд қаласында Ұлы жазушы және драматург М.Әуезовтің шығармашылығын дәріптеу аясында ҚР-дың САК-тағы Елшілігі Сауд Арабиясының Зерттеу және мәдениетаралық білім орталығымен бірлесіп ғылыми-практикалық конференция өткізді.
2023 жылғы 29 қыркүйекте «Рияд-2023» халықаралық кітап көрмесі аясында Қазақстан Елшілігі САК Мәдениет министрлігімен, Әдеби өнер агенттігімен және «Обейкан» баспа үйімен бірлесіп ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Әке туралы толғау» кітабының араб тіліндегі тұсаукесерін өткізді. Іс-шара белгілі қазақ жазушысы, отандық әдебиеттегі детективтік жанрдың негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100-жылдығына орайластырылды.