Бұл жадынама ҚР-ның Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.
|
Визалық сұрақтар:
|
- Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында визасыз режим қолданылады.
- ҚР азаматтары үшін Оңтүстік Кореяда болу мерзімі мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап «30» күнтізбелік күнді құрайды, жалпы мерзімі күнтізбелік 180 күннің ішіндегі әрбір кезеңде күнтізбелік 60 күннен аспауға тиіс.
- Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары: ҚР паспорты және Қайтаруға арналған куәлік болып табылады.
|
|
Паспорттың жарамдылығы:
|
- Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек..
|
|
Медициналық сақтандыру:
|
- Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
«Туристі міндетті сақтандыру туралы»
|
|
Қалыптасқан тәртіп нормалары:
|
- Корея Республикасында болған кезде сізге оның заңдарының күші қолданылады, болу елінің заңдарын білмеу Сізді жауапкершіліктен босатпайды.
- Жалпы қабылданған этика мен мораль нормаларын ұстаныңыз, мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға сәйкес реттеңіз, жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаңыз.
- Шет тіліндегі негізгі сөздер мен сөз тіркестерін білу сіздің елде болуыңызды жеңілдетеді және оны жергілікті тұрғындар да құптайды.
- Ел туралы қосымша ақпаратпен танысыңыз: саяси жағдай, климаттық жағдайлар, заңдар мен ұлттық дәстүрлер, қоғамдық және мінез-құлық ерекшеліктері.
|
|
Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда
|
- Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.
|
|
Консулдық есеп туралы:
|
- Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
- Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.
|
|
Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:
|
- Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
- ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.
|
Сәттілік тілейміз!
Оңтүстік Кореяға сапар шегетін Қазақстан азаматтарына арналған KETA туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптарды өзара жою туралы Келісім, әрбір тараптың уәкілетті органдарының қарарына сәйкес, кіруге тыйым салу мүмкіншілігін қамтиды (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1083 қаулысы).
7-бап: Бір Тарап мемлекетінің құзыретті органдары өз мемлекетінің аумағында болуы қолайсыз деп танылған екінші Тарап мемлекетінің азаматтарының келуінен бас тарту, қысқарту немесе олардың болу мерзімін тоқтату құқығын өзінде сақтайды.
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Оңтүстік Кореяға кіру үшін электронды кіру рұқсаты жүйесі жұмыс істейді. K-ETA (Korea Electronic Travel Authorization) – бұл туризм, жеке сапар, іс-сапар, кездесулерге немесе коммерциялық емес қызметтің басқа да ұқсас түрлеріне қатысу мақсатында Корея Республикасына визасыз режим бойынша кіретін шет мемлекеттердің азаматтарына арналған электрондық кіру рұқсаты.
112 елдің азаматтары (Қазақстанды қоса алғанда) елге визасыз кіру үшін K-ETA алуға өтініш берулері керек. K-ETA алмаған азаматтарға ұшу кезінде әуежайда отырғызу талоны берілмейді немесе Оңтүстік Кореяның шекарасынан өтуге тыйым салынады.
Электрондық кіру рұқсатында (K-ETA оң шешімі) көрсетілгендей, K-ETA-ның болуы Оңтүстік Кореяға кіруге кепілдік бермейді. Елге кіргізу туралы соңғы шешімді Оңтүстік Кореяның Көші-қон қызметі паспорттық бақылау кезінде қабылдайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі Оңтүстік Кореяға сапарды алдын-ала жоспарлауды, шекарадан өту кезіндегі ықтимал қиыншылықтарды, қосымша шығындардың болуын және сапарға байланысты басқа да қиыншылықтардың болуын ескеруді ұсынады.