Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер                                      

Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 15 қазанда орнатылды.

2021 жылғы 19 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшісі Р.С. Жошыбаев.

2025 жылғы 24 қарашадан бастап Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі К.Б. Базарбаев.

 

Жоғары деңгейдегі сапарлар

2022 жылғы 26 мамырда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары өтті. Сапар қорытындысы бойынша екіжақты қатынастарды стратегиялық әріптестіктің сапалы жаңа деңгейіне шығаруға бағытталған Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды.

2024 жылғы 18-19 сәуірде Қырғызстан Президенті С.Н.Жапаровтың Астанаға ресми сапары, оның шеңберінде Жоғары Мемлекетаралық Кеңестің 6-шы отырысы және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартқа қол қою өтті.

2025 жылғы 21-22 тамызда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Бішкекке ресми сапары, оның шеңберінде Жоғары Мемлекетаралық Кеңестің 7-ші отырысы өтті.

2023 жылғы 23-24 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаевтың Бішкекке ресми сапары өтті. Келіссөздер барысында бейінді комитеттер мен депутаттық достық топтары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру, Парламент аппараттары арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ парламентаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимылды күшейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2024 жылғы 31 қазан – 1 қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошановтың Қырғызстанға ресми сапары өтті (Қазақстан және Қырғызстан парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық кеңестің 2-ші отырысына қатысу. Е. Қошанов ІІ дәрежелі Торағай Жогорк Кенештің «Достық» орденін Н. Шәкиевке тапсырды).

2025 жылғы 10 маусымда Қырғызстан Жогорку Кенеш Төрағасы Н.Тургунбек уулудың Астанаға сапары өтті (Парламентаралық кеңестің 3-ші отырысына қатысу үшін).

2025 жылғы 23 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаевтың Бішкек қаласына жұмыс сапары өтті (ОА елдерінің
III Парламентаралық форумына, сондай-ақ 9-шы қазақ-қырғыз зиялы қауым форумына қатысу
).

Екіжақты қатынастарды тереңдету және кеңейту мақсатында Үкімет басшылары деңгейінде Үкіметаралық кеңес (ҮАК) жұмыс істейді.

Қазақстан-Қырғыз ЖПҚ-ның 13-ші отырысы 2025 жылғы 13 қарашада Астана қаласында өтті.

2024 жылғы 9 сәуірде ҚР Премьер-Министрі О.Бектеновтың Бішкекке жұмыс сапары, оның шеңберінде Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Жапаровпен келіссөздер жүргізілді, сондай-ақ, Қырғызстан Президенті С.Н.Жапаровпен кездесу өтті.

2025 жылғы 30 қаңтарда ЕҮАК (Алматы қ.) отырысы қарсаңында ҚР Премьер-Министрі О.Бектеновтің Қырғызстан Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Касымалиевпен екіжақты кездесуі өтті.

2025 жылғы 24-25 ақпанда Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президенті Әкімшілігінің басшысы А.Касымалиевтің Астанаға ресми сапары өтті. Оның барысында ҚР Президенті
Қ.К.Тоқаевтың аудиенциясында болып, ҚР Премьер-Министрі
О.Бектеновпен келіссөздер өткізді.

2024 жылғы 29 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Бішкек қаласына ресми сапары өтті (Қырғызстан Президентімен кездесуі болды).

2025 жылғы 10-11 қаңтарда Қырғызстан Сыртқы істер министрі Ж.Кулубаевтың Астанаға ресми сапары өтті (ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен кездесті).

2025 жылғы 1-2 тамызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Шолпан-Атаға ресми сапары өтті (Қырғызстан Президентімен кездесуі болды).

2026 жылғы 12-13 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Көшербаевтың Бішкекке ресми сапары өтті (Қырғызстан Президенті С.Жапаровпен кездесуі болды).

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан Қырғызстанның үшінші ірі сауда серіктесі болып табылады (Қытай мен Ресейден кейін).

2024 жылы өзара сауда көлемі 1,7 млрд. долл. құрады (+1,5%).

Қазақстан үшін сауда балансы жақсарды: ҚР-дан Қырғызстанға экспорт – 1,2 млрд. долл. (+9%), Қырғызстаннан ҚР-ға импорт - 456 млн. долл. (-16%).

2025 жылы тауар айналымы 2,2 млрд. долл. құрады (+25,9%), оның ішінде экспорт – 1,66 млрд. долл. (+29,3%), импорт – 0,58 млрд. долл. (+17,1%).

2023 жылғы 23 қыркүйекте Тараз қаласында Үкімет басшыларының төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстан өңіраралық ынтымақтастығының 1-ші форумы өтті, оның қорытындысы бойынша
65 млн.долл. құрайтын шарттарға қол қойылды. Екінші форумды 2026 жылы Қырғызстанда өткізу жоспарлануда.

2024 жылғы 1-2 желтоқсанда Бішкекте Қазақстан-Қырғыз бизнес-форумы (ҚР ИДМ, «QazTrade» АҚ Қырғыз СӨП-мен бірлесіп ұйымдастырған қазақстандық экспорттаушылардың сауда-экономикалық миссиясы шеңберінде) өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша шамамен 8,2 млн. долл. құрайтын шарттарға қол қойылды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Екі елдің зиялылары мен жұртшылығының қатысуымен тұрақты түрде көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», поэтикалық кештер мен семинарлар өткізіледі.

2022 жылғы 26 мамырда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Бішкек қаласына ресми сапары барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалының ашылуы өтті. 2022 жылы Қазақстан Қырғызстан азаматтарын қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыту үшін жыл сайынғы квоталық орындарды (5-тен 50-ге дейін) 10 есеге арттырды. 2025 жылғы 22 тамызда Ош қаласында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филиалы ашылды.

2022 жылғы 26 мамырда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Бішкек қаласына ресми сапары барысында театрлық сквердің аллеясында Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылуы өтті.

2022 жылғы 27-29 қазанда Астана қаласында Қырғызстанның Мәдениет күндері сәтті өтті. Оның ашылу салтанатына Мемлекет басшылары қатысты.

2024 жылғы 18-19 сәуірде Қырғызстан Президенті С.Н.Жапаровтың Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар мәдени іс-шаралар (жастар, ғалымдар мен ЖОО ректорлары, зиялы қауым, ақсақалдар және т.б. форумы) өткізілді. Астана қаласында Манас ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

2025 жылғы 21-22 тамызда Мемлекет басшысының Бішкекке ресми сапары аясында бірқатар мәдени іс-шаралар (қазақстандық кино күндері, 3-ші жастар форумы, Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт) өткізілді. Сондай-ақ, екі мемлекет басшыларының қатысуымен екі халықтың көрнекті жазушылары М.Әуезов пен Ш.Айтматовқа «Алтын көпір» ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

2025 жылғы 25 қарашада Ош қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның қатысуымен А.Құнанбаевқа арналған көше, мұражай мен ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

2025 жылғы 26 қарашада Алматы қаласындағы Республика сарайында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е.Карин мен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.Иманқұловтың қатысуымен Ш.Айтматовтың 100 жылдығына арналған «Жамийла» мюзиклінің премьерасы өтті.

Қырғызстанға тұрақты түрде гуманитарлық көмек көрсетіледі. 2020 жылы Қырғызстанға 5 мың тонна көлемінде ұн (3 млн. долл. сомасында), ӨЖЖ аппараттарының 400 бірлігі және 2 млн. медициналық маска (жалпы сомасы 0,9 млн. долл.), 2021 жылы – 10 мың тонна ұн, Qazvac вакцинасының 25 мың дозасы, 2022 жылы – 1 мың тонна элиталық бидай тұқымы жеткізілді.

2024 жылғы ақпанда Қазақстан Бішкек ЖЭО апатын жою үшін 2 мың тонна дизель отынын жіберді.

Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
13 мая 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 октября 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың IV тоқсанына арналған кестесі
Ақпарат
14 июля 2026
ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды қабылдаудың 2026 жылдың ІІI тоқсанына арналған кестесі
16 июня 2026
Корея Республикасына шығатын азаматтарына арналған жадынама

Социальные медиа

Instagram
Twitter
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы