1) балаларды есепке қою туралы өтiнiш (екі дана);
2) балаларды есепке алудың жеке карточкасы (екі дана);
3) шетелдіктердің асырауына берілген балаға – Қазақстан Республикасының азаматына берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;
4) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге баланың тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім (салыстырып-тексеру үшін);
5) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеру үшін);
6) баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;
7) баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеру үшін);
8) шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы сотпен куәландырылған сот шешімі (салыстырып-тексеру үшін).