♦ Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке алудың мақсаты:
1) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) болу мемлекетінің заңнамасымен және ҚР мен қабылдаушы мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.
♦ Консулдық есептің түрлері
♦ Тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған адамдарға арналған.
♦ Уақытша консулдық есеп – уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу, туристік сапар және т.б.).
Есепке қою Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері және www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады (уақытша есепке қою үшін).
Есептен шығару Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Консулдық қызмет департаменті және портал арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы есептен шығару көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының шекарасын өту фактісі және оның Қазақстан Республикасы аумағында болуы, электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болған жағдайда көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы консулдық есептен шығу туралы хабарламаны порталдағы жеке кабинетінен алады.