Консулдық қызмет департаменті көші-қон, болу елінің заңнамасы және төтенше жағдайларда азаматтарды қолдау мәселелері бойынша жан-жақты көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде өз міндеттерін атқаратын консулдар және жұртшылық арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Консулдық қызмет департаментінің қызметкерлері азаматтарға кеңес береді және олардың сұрауларын, соның ішінде «E-Otinish» платформасы арқылы келетін өтініштерін қоса өңдейді және қажетті көмекті дер кезінде көрсетеді.
Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласында және консулдық қызметті жүзеге асыру кезінде азаматтарға ықтимал мәселелер бойынша дәйекті ақпарат беру үшін құзыретті мемлекеттік органдармен, шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен белгіленген тығыз қатынастарды толық көлемде пайдаланады және дамытады. Сондай-ақ, тұрақты негізде сотталғандар мен жазасын басқа мемлекеттің аумағында өтеп жатқан ҚР азаматтарының мәселелері бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізеді.
Консулдық қызмет департаменті ұсынатын қызметтер туралы толығырақ ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.