Сараевода Босния және Герцеговинадағы Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

Сараевода Босния және Герцеговинадағы Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

Ү.ж. 12-15 желтоқсанда Сараево қаласында салтанатты шаралар шеңберінде Қазақстанның құрметті консулдығының ашылу салтанаты, ТЮРКСОЙ фольклорлық ансамблінің концерті, Қазақ киносының көрсетілімі, фотокөрме және Босния  мен Герцеговинаның Парламент депутаттарының, СІМ басшылығының, Сараево мэриясының, Сауда-өнеркәсіп палатасының, қоғам және іскерлік орта, ғылым және мәдениет өкілдерінің, журналистер мен Босния-Герцеговинада тіркелген елшілердің қатысуымен дипломатиялық қабылдау өтті.

Ү.ж. 13 желтоқсанда консулдықтың салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Елшісі Төлежан Барлыбаев Қазақстанның 28 жыл ішінде табысты өңірлік держава, Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық дамудың флагманы ретінде танылғанын атап өтті. ҚР мен БмГ арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап Сараевода алғаш рет Қазақстан өкілдігінің кеңсесі ашылды. Консулдықтың жұмысы екіжақты сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ бизнес, туризм және білім салаларында өзара алмасуларды орнатуға бағытталатын болады деп атап өтілді.

БмГ Сыртқы істер министрінің көмекшісі Ахмет Халилович Сараевода  Қазақстанның құрметті консулдығының ашылуын қошаметтеп, оның қызметіне табыс тіледі. Ол Қазақстан-Босния қатынастарының жағдайы мен даму болашағын жоғары бағалады. Соңғы екі жылда БмГ Парламенті жоғарғы палатасының төрағасы Бәкір Изетбегович екі рет Нұр-Сұлтан қаласына барып, осы жылдың қыркүйегінде өткен Халықаралық Парламенттік форумға қатысты деп атап өтілді.  

ҚР-ның Құрметті консулы Амель Диздаревич ҚР-мен іскерлік және мәдени байланыстарды дамытудың үлкен әлеуетін атап өтті. Ол ү.ж. 28-30 қазанында Нұр-Сұлтан қаласына консулдықтың сүйемелдеуімен  ұйымдастырылған БмГ бизнес-делегациясының сапарының нәтижелері, «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық жоспарына қол қою және іскерлік байланыстарды дамыту жөніндегі басқа да шаралар туралы хабарлады. Дипломатиялық өкілдіктің ашылуы күні құрметті консул Босния мен Герцеговинада тұрақты тұратын ҚР азаматына қазақстандық паспортты табыс етті.

ҚР-дың Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Босния мен Герцеговинада ежелгі Тузла қаласында өткен «Түркі әлемінің әуендері» концертінен басталып, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының қолдауымен ҚР елшілігі ұйымдастырған Сараеводағы гала-концертпен жалғасты. Қатысушылар мен қонақтар Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын сыйлық ретінде алып, «Қазақстан – Ұлы Дала Елі» фотокөрмесін көріп, Тәуелсіздік күніне орай дипломатиялық қабылдауда ұлттық тағамдардан дәм ауыз тиді. 

Босния мен Герцеговинада ҚР-дың Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар ү.ж. 14-15 желтоқсанында Сараевода қазақстандық жетекші режиссерлер Ақан Сатаев пен Ермек Тұрсыновтың кинофильмдерін көрсетуімен аяқталды.