Загребте Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және елорда күніне арналған дөңгелек үстел өтті
Ү.ж. 24 маусымда Загребте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Нұр-Сұлтан астанасы күніне арналған көрнекті қоғам өкілдерінің, Хорватия Білім және ғылым министрлігінің, Хорват-Қазақтың Достық қоғамы, дипломатиялық корпус және журналистердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Елші Төлежан Барлыбаев Қазақстанның мемлекеттік құрылыстағы тарихи серпілісінің, әртараптандырылған нарықтық экономиканы құрудың, соңғы үш онжылдықтағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің ерекше моделінің басты кезеңдерін атап өтті. Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың заманауи Қазақстанды құруға қосқан көрнекті үлесі, сондай-ақ мемлекеттік реформаларды ілгерілету және әлеуметтік тәртіпті жаңарту жөніндегі Қазақстан Республикасы көшбасшылығы курсының сабақтастығы атап өтілді.
Хорватияның экс-президенті, көрнекті қоғам қайраткері, профессор Иво Йосипович өзінің Қазақстанға сапарлары туралы жылы лебіздерімен бөлісті. Ол тәуелсіздіктің таңындағы ең маңызды стратегиялық қадам - Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу және өз еркімен ядролық қарудан бас тарту туралы шешімі екенін айтты. Оның айтуынша, бұл халықаралық беделдің өсуін және Қазақстанның көпжақты дипломатия орталығы мен беделді диалог алаңы ретіндегі рөлінің күшеюін қамтамасыз етті, оның астанасында ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдардың Саммиттері, Сириядағы қақтығысты және Ауғанстан проблемасын реттеу бойынша халықаралық келіссөздер, дәстүрлі және әлемдік діндер съездері және басқа да әлемдік форумдар сәтті өткізілді.
Хорватия-Қазақстан достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилипипович Қазақстан басшылығының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және әлеуметтік-бағдарлы саясатты дамыту бағытына оң баға берді. Президент Қ.Тоқаевтың адам құқықтарын қорғау және нығайту саласындағы жаңашылдықтары Қазақстанды гуманитарлық өлшем бойынша аймақтық көшбасшы ететіні баса айтылды. Қоғам басшысы Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы табысты тәжірибесін ерекше атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында Ресей мен Әзірбайжан елшілері, ХР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Достық қоғамының мүшелері сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның жас астанасының құрылыс тарихы туралы фотокөрмемен танысты, сонымен қатар сыйлық ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын, Абайдың шығармалары мен Хорват тілінде шыққан әл-Фарабидің қызметі туралы монографияны алды.
ҚР Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі