Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
Жарияланған күні: 24 мамыр 2025
Жаңарту күні: 24 мамыр 2025
Көру саны:20
Азаматтықтан шығу – Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату түрі. Шетелде тұрақты тұратын адамның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.
- Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмаған;
- Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
- Сауалнама – өтініш.
- Өмiрбаян (өз қолымен жазылған).
- 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі фотосурет.
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
- Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат.
- Соттылығының болуы немесе болмауы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама.
- Балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері.
- Тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы апостильденген немесе заңдастырылған анықтама.
- Консулдық алымның төленгенi туралы құжат.
- Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының, ата-анасының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің, азаматты қайтыс болды деп немесе хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері (бар болса).
- Кәмелетке толмаған адам өтініш берген кезде, оның расталған жазбаша келісімі қажет (14 - 18 жас).
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ
- Құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап – 6 айға дейін
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ
- Сомасы – 130 еуро
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
- Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
- Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары
ОНЛАЙН КЕЗЕКТІ БРОНДАУ
СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА
Тел.: +385 1 483 93 45 (консультациялар сағ. 13:00-14:00 аралығында)
WhatsApp Chat: +385 91 93 1 64 60 (онлайн консультация)
Электронды пошта: consul.zagreb@mfa.kz
Жарияланған күні
24 мамыр 2025
Жаңарту күні
24 мамыр 2025