Құжаттарға апостиль қою және құжаттарды заңдастыру

Консулдық заңдастыру немесе апостиль керек екенін қалай білуге болады?

Егер ел 1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылса –"апостиль" мөртабаны қою қажет. Немесе – консулдық заңдастыру қажет.

Қазақстан Республикасы легализацияны жою жөніндегі 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады.

Аталған Конвенцияның талаптарына сәйкес, ҚР-дың мекемелері мен ведомстволары ресімдеген барлық құжаттар Хорватия аумағында танылу үшін ҚР-дың құзыретті органдарында «APOSTILLE» мөрімен растауды керек.