Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Сиань өнеркәсіптік инвестициялық Палатасының басшысы - партия комитетінің хатшысымен кездесті

Сиань қ., 2024 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Сиань өнеркәсіптік инвестициялық Палатасының басшысы - партия комитетінің хатшысы Чаң Шэньмен кездесті. Сонымен қатар, өндірістік топтың арнайы еркін экономикалық аймағында орналасқан өнеркәсіптер басшылығымен кездесіп, шығарған өнімдерімен танысты.
Кездесу барысында, тараптар Қазақстан мен Сиань қ. арасындағы әртарапты ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту, экономикалық жобаларды іске асырумен қатар, жеке және орта бизнес деңгейінде жергілікті үкімет пен қаржы көздерінен көрсетілетін қолдау амалдарын талқылады.
Тараптар, екі елдің ұқсас өнеркәсіп кәсіпорындары арасында, іскерлік топтар өкілдерінің қатысуымен өзара делегациялар алмасу арқылы тікелей байланыстар орнату әлеуетін қарастырды. Сонымен қатар, көп қабатты ғимараттар үшін лифт шығарушы және ұсақ микросхема чип өндіруші компаниялардың өндірісін Қазақстанда да ашу мүмкіндігі талқылады. Өз кезегінде бірнеше өнеркәсіп басшылығы Қазақстан нарығында өз өнімдерін құрастырушы компания ашуға ынтасын білдірді.
Қазақстандық дипломат кездесуде өнеркәсіп басшыларын ҚР Үкіметі тарапынан Отандық өнімді қолдау бойынша жүргізіліп жатқан қадамдарымен таныстырды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ықпалдастықты нығайту мақсатында тығыз қарым-қатынастарды жалғастыруға және кәсіпкерлердің екіжақты сапарын ұйымдастыруға келісті.