Меню

Страницы

Статья

Визы Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының визалық режимі, сондай – ақ Қазақстан Республикасының (бұдан әрі-ҚР) визаларын беру тәртібі мен қағидалары көші-қон саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі: 

  1. «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңы; 
  2. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы;
  3. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің Бірлескен бұйрығы;

 

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар елдермен (57 ел - тізім беттің соңында көрсетілген) 30 күнге дейін визасыз режим жаңартылды. Осы елдердің азаматтары Қазақстанда 30 күнге дейін визасыз бола алады. Жарамды паспорт (ҚР-дан шыққан кезде кемінде 3 ай) және кемінде 2 бос бет болған кезде, сондай-ақ Covid-19-ға қатысты шаралар сақталған кезде Қазақстанға кіруге болады.

 

Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен визалық режимі туралы ақпарат.

Егер сіз Қазақстан аумағында 30 күннен артық болуды жоспарласаңыз, Қазақстанға келу мақсатына сәйкес төменде көрсетілген визалардың бірін ресімдеу қажет.

Қазақстанның Польшадағы Елшілігінде визаны Польша азаматтары, сондай-ақ Польшада тұруға рұқсаты бар шетелдіктер (karta pobytu) ресімдей алады.

Қазақстан Республикасының визаларын беру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасына сапардың мақсатына байланысты визалардың мынадай санаттары бар:

Қазақстан Республикасының визалары құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде ресімделеді. Тізімнен қандай да бір құжат болмаған жағдайда өтінім қарауға қабылданбайды.

Визалық формуляр:

  1.  қазақ-поляк;
  2. қазақ-ағылшын;
  3.  орыс-ағылшын;
  4. application (podanie)

ҚР виза санаттарының толық тізімімен жоғарыда аталған СІМ мен ҚР ІІМ бірлескен бұйрығымен танысуға болады.

Маңызды! ҚР визаларын беру қағидаларына сәйкес экономикалық дамыған, саяси және көші-қон тұрақты мемлекеттердің азаматтарына (тізім) "А3", "В1", "В3", "В10" және "В12" санаттарындағы визалар шақыру ұсынылмай ресімделеді. 

 

Назар аударыңыз: құжаттар мен визалық сауалнамаларды пошта немесе электронды түрде жібермеуіңізді сұраймыз. Пошта немесе электронды түрде жіберілген құжаттар өңделмейді. Қазақстан Республикасының Елшілігі құжаттарды пошта арқылы жоғалтқан кезде жауапты болмайды! Құжаттарды жеке тапсыруыңызды сұраймыз.

Консулдық мекеме өтініш берушілерден қосымша құжаттар ұсынуды талап ету құқығын сақтайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс (7 күнтізбелік) күн.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасына келуге виза немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жауап.

Төлемді белгіленген қабылдау күнінен 1-2 күн бұрын жүргізуді сұраймыз (Егер сізге қабылдау айдың 1-ші күніне тағайындалған жағдайда, құжаттарды тапсырған күні төлемді жүргізуді сұраймыз).

Консулдық алымдарды төлеу үшін Елшіліктің банктік деректемелері.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» ҚР Кодексі 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алымдар сомасы қайтарылуға жатпайды.

 

Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша сағат 09:30-дан 12:00-ге дейін, құжаттарды беру дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сәрсенбі мен демалыс күндерін, сондай-ақ мереке күндерін қоспағанда) жүзеге асырылады.

Дата публикации
10 июня 2021
Дата обновления
11 января 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

05 мая 2026
Алтын виза» және салықтық жеңілдіктер: Қазақстанның көші-қон саясаты қалай өзгереді
05 февраля 2026
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
04 февраля 2026
ЖСН және ЭЦҚ ресімдеу

Социальные медиа

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары