Қазақстан Елшісі Литва ғылым академиясының президентімен кездесті

Қазақстанның Елшісі Т.Уразаев Литва Ғылым академиясының президенті Юрас Баниспен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім және ғылым саласындағы ағымдағы реформалар бойынша шаралары түсіндірілді. Екі елдің ғылыми қоғамдастықтары арасында әріптестік орнатудың келешегі туралы пікір алмасу болды.
Литва тарапы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Литва Ғылым академиясы әлемнің 27 елінің академияларымен әріптестік байланыста. Литва Ғылым академиясының ықпалын елдің академиялық өмірінің барлық салаларынан көруге болады. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған 29 мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының 24 институтын Ғылым академиясы құрып, кеңейтті. Литва Ғылым академиясының мүшелері Литваның барлық жетекші университеттерінде жұмыс істейді және басқа институттарда, соның ішінде жоғары технологиялық биохимиялық және лазерлік өнеркәсіптерде ғылыми бағыттарды қалыптастыруға қатысады.