Еуразиялық авиациялық оқу орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды

«Astana Finance Days 2023» конференциясы аясында «Samruk-Kazyna Invest» компаниясы мен литвалық «Avia Solutions Group» холдингі Еуразиялық авиациялық оқу орталығын құру туралы Меморандумға қол қойды.
Еуразиялық оқу орталығын құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру азаматтық авиацияның ұшқыштарын даярлау қажеттілігін қанағаттандыруға, отандық авиакомпаниялардың шығындарын оңтайландыруға, еуразиялық аймақтан ұшқыштарды даярлау қызметтерін экспортқа шығаруға, сондай-ақ Қазақстандағы әуе тасымалының қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Қызмет бағыты